Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Кіріспе. Коронавирус (COVID-19) ауруының пандемиясы – қазіргі денсаулық сақтау басқармасы жүз жылда бір бетпе-бет келген теңдессіз кризис болып отыр. Денсаулық сақтау саласында көптеген қызмет түрлері этика және құқықтық көзқарас тұрғысынан жіті назар аудартып отыр. Соған байланысты денсаулық сақтау саласындағы мамандарды құқықтық жауапкершілікке және иммунитетке қатысты заң тұрғысындағы екі мәнділік алаңдатады. Әлемдегі пандемия жеке тұлғаның конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғап қана қоймай, бұрын тәжірибеде көп мәні болмаған құқықтық қылмыстың белгілі түрлерін алдыға шығарды. Соған байланысты, әр мемлекеттерде төтенше жағдайларды басқарудың ережелерін әр уақытта және әрқалай енгізіп жатыр. Қабылдап жатқан шаралар көп сынның нысанына айналып жатыр, сонымен қатар конституциялық легитимділік мәселелері қозалып жатыр. Аталған шолуда COVID-19 пандемиясы кезеңінде медициналық қызметкерлер арасында құқықтық жауапкершілікпен және иммунитетпен байланысты мәселелерді шешу бойынша талдау ұсынылған. Мақсаты: COVID-19 пандемиясы кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінде жауапкершіліктің құқықтық тәуекелдері пайда болғанда әдебиет деректеріне талдау жүргізу қажет. Іздеу стратегиясы: e-Library.ru, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханада Scopus, Web of Science Core Collection, MedLine, PubMed, Cochrane Library, Google Scholar іздеу жүйелеріндегі ғылыми жұмыстарға іздеу жүргізілді. Іздеу критерийлері әдебиетті іздеу тереңдігі 3 жылды (2019-2021 жж.) қамтыды, әдебиетті шолу, мета-талдаулар, ағылшын және орыс тілдеріндегі нормативтік-құқықтық құжаттар. Іздеуде мына критерийлер алып тасталды: анық емес және бір мәнді емес тұжырымдары бар, негізгі маңыздылық көрініс таппаған төмен методологиялық сападағы жарияланымдар, қайталама кездесетін жарияланымдар, конференция материалдары және клиникалық жағдайлар. Іздеу нәтижесінде барлығы 87 шетелдік және отандық жарияланымдарды біріздендірдік, оларың ішінде 37 жарияланым аталған шолуға енді. Нәтижелер және қорытындылар: Әдебиет деректерін талдау ағымдағы пандемияның адамдар мен медициналық қызметкерлердің өмірі қатты өзгерістерге тап болғанын, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіз тұстарын анықтағанын және денсаулық сақтау саласында соңғы он жылда қабылданған көптеген саяси шешімдерді күмәнға түсіргенін көрсетті. Аталған нәтижелер кейбір елдердің мақтауға тұрарлық ұйымдастыру стратегиялардың енгізгенін көрсетті, осылайша медициналық-құқықтық көзқарас бойынша кейбір елдер қауіпті төтенше жағдайларға дайын болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 309

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Алчимбаева М.А., Рахыпбеков Т.К., Аскаров Б.Б., Турсынбекова А.Е., Хисметова З.А., Самарова У.С., Атабаева А.К., Дюсупова А.А., Цигенгагель О.П. COVID-19 пандемиясы кезеңінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жауапкершіліктің медициналық-құқықтық тәуекелдері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 6-14. doi 10.34689/SH.2021.23.6.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев