ҚАБЫЛДАУШЫ ГЕНЕТИКАСЫНЫҢ COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ МЕН АУЫРЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Өзектілігі: 2019 жылы Дүниежүзілік коронавирустық инфекция (COVID-19) жаңа SARS-CoV-2 жіті респираторлық синдромының вирусы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі мен экономикаға үлкен зиян келтірді. SARS-CoV-2 инфекцияның асимптоматикалық жағдайларынан бастап, өлімге әкелетін жедел респираторлық стресс синдромы бар COVID-19 ауыр ағымдарына дейін болуы мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, аурудың ауырлығына әсер ететін қауіп факторлары - егде жас, еркек жынысы, ДСИ жоғарылауы, қатар жүретін аурулар және этникалық ерекшелік. Жұқпалы аурулардың дамуындағы қабылдаушы ағзаның генетикалық сипаттамаларының маңызды рөлі әртүрлі вирустарға сезімталдықты анықтайтын көптеген зерттеулерде расталды, бұл инфекцияларға бейімділікке үміткер гендердің бар екендігін растады.
Мақсаты: Қабылдаушы генетикасының COVID-19 коронавирустық инфекциясының сезімталдығы мен ауырлығына әсерін зерттеу бойынша әдеби деректерге талдау жасау.
Іздеу стратегиясы: COVID-19 коронавирустық инфекциясының ауырлығына әсер ететін қабылдаушының генетикалық факторлар туралы мақалаларға ақпараттық талдау PubMed және Web of science ашық ғылыми деректер базасында кілт сөздерге сәйкес жүргізілді.
Нәтижелер және қорытындылар: COVID-19 кезінде қабыну және иммундық реакциямен байланысты гендердің бірнеше жалпы және сирек кездесетін нұсқалары анықталды. Әдеби шолуда негізгі назар SARS-CoV-2 қабылдаушы генетикасының коронавирустық инфекцияның (COVID-19) сезімталдығы мен ауырлығына әсерін зерттеуге бағытталған. Біз белгілі кандидат гендерді талқыладық. Олар бірлестіктерді түсіну үшін және ауру патогенезі жайында әрі қарай зерттелу керек. COVID-19 инфекциясының қауіп факторларын білу инфекцияның қайта өршу қаупін азайту үшін ең қолайлы шараларды анықтау және жедел әрекет ету үшін қажет.
Көрген адамдардың саны: 303
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Айткулова А.М., Рахимова С.Е., Кожамкулов У.А., Каиров У.Е., Календарь Р.Н., Кушугулова А.Р., Бекбосынова М.С., Акильжанова А.Р., Сарбасов Д.Д. Қабылдаушы генетикасының COVID-19 коронавирустық инфекциясының сезімталдығы мен ауырлығына әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 15-25. doi 10.34689/SH.2021.23.6.002Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ