COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: SARS-CoV-2 коронавирусының штаммынан туындаған жаңа, бұрын белгісіз инфекцияның өршуі, жалпы қоғамдық денсаулық сақтау үшін қиындықтардың біріне айналды және коронавирус шектеулерінен туындаған адамдардың өмір салты мен жеке өміріне өзіндік өзгерістер еңгізді.
Зерттеу мақсаты: кейінгі ақпараттық науқандарды жақсарту мақсатында Қазақстандағы COVID-19 туралы әртүрлі ақпарат көздеріне халықтың сенім деңгейін зерттеу.
Зерттеу материалдар мен әдістері: Зерттеудің дизайны - көлденең қималық, іріктеу квоталық, Қазақстан Республикасының жалпы халқының жынысы, жасы, аумағы мен тұрғылықты жерінің түрі бойынша бөлінуін ескерілген. Деректерді жинау құралы орыс және қазақ тілдеріндегі валидацияланған және бейімделген сауалнама болып табылады.
Сипаттамалық статистикалық әдістер қолданылды. T-тест ақпарат көзі мен халықтың жынысы, жасы, қоныстану ерекшеліктері, сондай-ақ вакцинация жағдайы мен оларға деген көзқарас арасындағы байланыс үшін p-мәндерін және 95% сенімділік интервалдарын есептеу үшін пайдаланылды. Статистикалық маңыздылық p=0,05 деңгейінде белгіленді.
Нәтижелері: Ақпарат көздерінің көпшілігіне деген сенім деңгейі өте төмен. Ең сенімді санат – «Денсаулық сақтау мамандарымен кеңесу» (1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша орташасы – 3,04, 95% құрады, сенімділік интервалы: 2,97 – 3,11). Сенім деңгейінің төменгі санаты «атақты және ықпалды адамдардан алынған ақпарат» - 2.08 (2.02-2.15), сондай-ақ «Facebook, Twitter, YouTube, Telegram, WhatsApp, Instagram секілді әлеуметтік желілердегі ақпарат» сияқты ақпарат көздері 2,29 (2,23-2,36) құрады.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері белгілі адамдар қатысатын әлеуметтік желілердегі коммуникация тиімділігінің шектеулігі бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, барлық дерлік ақпарат көздеріне тән сенімнің жоқтығы денсаулық сақтау мамандарының негізгі хабарламаларды халықтың әртүрлі топтарына жеткізудегі күш-жігеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Ақпараттық науқандарды жүргізу кезінде маңызды ақпарат көздерінің сенімділігін арттыру жолдарын іздестіру, сонымен қатар олардың сенімділігіне қарай мақсатты аудиторияны сегменттеу қажет.
Көрген адамдардың саны: 251
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Изекенова А.К., Бухарбаева А.Е., Жусупов Б.С., Алекешева Л.Ж., Ерденова М.А., Искакова Б.А., Мыркасымова А.K., Изекенова А.К., Карибаев К.Б., Мергенова Г.А. COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстан халқының ақпарат көздеріне деген сенімін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 15-23. doi 10.34689/SH.2022.24.2.002Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ