Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ӨМІР САПАСЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫСЫМЫ: ШКАЛАЛАРДЫҢ ОРСЫТІЛДІ НҰСҚАЛАРЫН АДАПТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІГІН РАСТАУ
Өзектілігі: Қолда бар дәлелдер COVID-19 пандемиясының психикалық денсаулыққа кері әсерін көрсетеді. Дүние жүзінің ғалымдары мен дәрігерлері адекватты және дер кезінде шаралар қабылдау үшін пандемиядан зардап шеккендердің психикалық денсаулығын зерттеу және бағалау қажеттілігі туралы дабыл қағуда. Өз кезегінде, психикалық жағдайды дұрыс бағалау үшін валидацияланған шкалаларды қолдану қажет. Мақсаты: COVID-19 пандемиясының өмір сапасына әсері (COV19-QoL) және COVID-19 пандемиясының психологиялық қысымын (COVID-19 PDS) бағалайтын орыс тіліне бейімделген шкалалардың медицина студенттері арасында сенімділігін бағалау. Материалдар мен тәсілдер: 2020 жылдың қараша айында Астана медицина университетінің (Қазақстан) 1 курс 273 студенті арасында көлденең зерттеу жүргізілді. Статистикалық талдауға сипаттамалық талдау, ішкі сәйкестік пен конкуренттік сенімділігін анықтау, барлау (EFA) және растаушы факторлық талдау (CFA) кірді. Нәтижелер: COVID-19 PDS және COV19-QoL шкаласы үшін Кронбахтың альфа коэффиценті сәйкесінше 0,919 және 0,898 болды. Екі шкала бойынша элементтер мен нәтиже арасындағы барлық корреляция он болды (диапазон 0,316-0,832), Барлеттің сфералық сынағы нәтижесі маңызды болды (p <0,001) және KMO көрсеткіші 0,899-дан жоғары болды. EFA сәйкес келетін сәйкестік көрсеткіштері мен CFA арқылы расталған COVID-19 PDS және COV19-QoL көрсеткіштерінің 2 және 1 факторлы құрылымдары анықталды. Конкуренттік сенімділігі психикалық денсаулық континуумының қысқа нұсқалы шкаласымен маңызды корреляциясымен расталды. Қорытыныды: COVID-19 PDS және COV19-QoL шкалаларының орыс тіліндегі нұсқасы жеткілікті жарамдылық пен сенімділікті көрсетті. Бұл COVID-19 пандемиясының психологиялық әсерін өлшеудің пайдалы құралдары болуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 214

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Болатов А., Жорокпаева М.Д., Смаилова Д.С., Аманжолов А.Д. COVID-19 пандемиясының өмір сапасына әсері және психологиялық қысымы: шкалалардың орсытілді нұсқаларын адаптациялау және сенімділігін растау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 17-23. doi 10.34689/SH.2022.24.3.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев