Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ Қ. ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА COVID-19 АУЫРҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Қытайдың Ухань қаласында пайда болған 2019 жылғы коронавирус ауруы (COVID-19) қазіргі уақытта әлемнің барлық елдеріне таралды. 2020 жылдың наурыз айының соңында бүкіл әлемде кем дегенде 7900 өлім COVID-19-мен тікелей байланысты болды. Әлемде COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың барлығы 68-ден 88 жасқа дейін болды. Аталған зерттеудің мақсаты 2021 жылдың екі айында Семей қаласының Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Covid-19 бар науқастарды емдеуге жатқызу нәтижелерін зерттеу болды. Әдістері. Зерттеуге 2021 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында қаралған 558 пациент қосылды. Деректер орташа мәндер және стандартты ауытқу түрінде немесе жиіліктер мен пайыздар түрінде ұсынылған. Ауру көрсеткіштері 100000 адамға шаққандағы жағдайлардың саны және 95% СА ретінде есептелді. Өмір сүру Каплан-Мейер қисықтарын қолдана отырып зерттелді және логарифмдік өлшемдермен салыстырылды. Нәтижелері. Пациенттердің негізгі госпитальдық нәтижелері жақсару болды (90,5%), өзгеріссіз (0,4%), өлім 51 (9,1%) жағдайда тіркелді. Стационарда қайтыс болған пациенттер көбінесе әйел жынысты (58,8%), орташа жасы 66,4 (±13,6%) жас. Сырқаттану көрсеткіші ерлерде жғары болды (100 000 тұрғынға 9545,5), басқа ұлт өкілдерінде (100 000 тұрғынға 12500,0) болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы (р=0,032), жас топтары арасындағы (р=0,009) және ұлттар арасындағы (р=0,015) орташа бақылау уақытының нақты айырмашылығы анықталды. Тұжырымдар. Науқастардың ауруханада болуының негізгі нәтижесі жақсару болды. Ауруханада қайтыс болған науқастар негізінен әйелдер болды, орташа жасы 66,4 жыл. Өлім көрсеткіші ер адамдарда, басқа ұлттардың пациенттерінде және 70 жастан асқан жас топтарында жоғары болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы, жас топтары мен ұлт арасындағы орташа бақылау уақытының айтарлықтай айырмашылығы анықталды.
Көрген адамдардың саны: 220

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Сайдуалиев Д.Н., Балхан А.С., Мурзабаев М.Ғ., Құмарбекова Ә.Д., Абдиганиев А.А., Ақтымбаева Н.Б., Маукаева С.Б., Шалгумбаева Г.М. Семей қ. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 ауырған пациенттерді емдеу нәтижелері // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 24-29. doi 10.34689/SH.2022.24.3.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев