Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЛМАТЫ КАЛАСЫНДА ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА COVID-19 АУЫРҒАН НАУҚАСТАРҒА ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ КӨМЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Коронавирустық инфекция тарала басталғаннан бері 57,9 миллион адам осы уақытқа дейін жұқтырды, 1,3 миллион адам қайтыс болды. COVID-19 бойынша дүниежүзілік статистикада Қазақстан инфекцияның анықталған жағдайлары бойынша 49 орында, қайтыс болған науқастар саны бойынша 53 орында тұр. COVID-19-ды жұқтырған науқастардың 80%-ында ауру жеңіл немесе орташа ауыр түрінде өтеді, шамамен 15%-ында оттегінің қолдауын қажет ететін аурудың ауыр ағымы дамиды, ал 5%-ы аса қауіпті ағымға ие, бұл науқастар қарқынды терапия бөлімшесінде ұзақ мерзімді қарқынды терапияны қажет етеді. Сонымен қатар, қарқынды терапия бөлімшесінде науқастардың болуының орташа ұзақтығы 10,8 күнді құрады. Ал 22,7% науқаста қарқынды емдеу бөлімшесінде емдеу ұзақтығы 30 немесе одан көп күнді құрады. Қарқынды терапия бөлімшелеріндегі науқастардың өлім-жітім деңгейі бірінші толқынның шыңына жетті - 40-61%, ал кейбір аймақтарда 90% дейін. Қарқынды терапияның нәтижелерін жақсарту үшін әртүрлі ауыр және ықтимал қауіпі жоғары манипуляцияларды орындауға командалық тәсіл енгізіледі. Бұл тәсіл жұмыспен қамтылған және жақсы дайындалған қызметкерлердің жеткілікті санын қажет етеді. Кадрлардың жетіспеушілігін нәтижесінде, реанимация бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелері болу үшін басқа мамандықтағы медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша шаралар қабылдануда. Ең қысқа мерзімде қарқынды терапия мамандарының максималды санын дайындауға арналған қысқа және үстірт курстар, әдетте, көрсетілген реанимациялық көмек сапасының нашарлауына әкеліп соқтырады және емдеу нәтижелері мен өлім жағдайларын жақсартпайды.
Көрген адамдардың саны: 200

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Куандыков Т.К., Мутагиров В.В., Сейдуанова Л.Б. Алматы каласында пандемия жағдайында COVID-19б ауырған науқастарға қарқынды емдеу көмегін ұйымдастыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 27-32. doi 10.34689/SH.2022.24.4.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев