Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Кіріспе. COVID-19 өршіген аралықта бүкіл әлем, соның ішінде Қазақстан коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарға жедел жәрдем көрсетуге күш жұмылдырды. 2020 жылдың наурызында созылмалы аурулары бар науқастар үшін жоспарлы госпитализацияны жабу шұғыл көрсетілетін медициналық қызметтерге деген сұранысты арттырды. Мақсаты. Әдеби дереккөздерді ақпараттық іздеу арқылы COVID-19 пандемиясы кезіндегі медициналық мекемелердің қызметін ұйымдастыру бойынша мықты әлемдік стратегияларды зерттеу. Іздеу стратегиясы. COVID-19 пандемиясы кезіндегі стационарлардың 2 жылдық қызметін ұйымдастыру бойынша әдеби шолу жүргізілді. PubMed базасында ашық қолданыстағы толық мәтінді мақалаларды іздеуге арналған кілттік сөздер: COVID-19, стационарлық көмек, алғашқы медико-санитарлық көмек, инфекциялық бақылау, инфекцияны алдын алу және бақылау. Іріктеу критерийлері: A, B дәлелдеу деңгейінің жарияланымдары: мета-анализдер, жүйелік шоулулар, когортты және көлденең зерттеулер. Ерекшелік критерийлері: қысқа хаттар түріндегі эксперттер пікірі, жарнамалық мақалалар. Нәтиже. Әдеби дереккөздер сараптамасы бүгінгі күні COVID-19 пандемиясы кезінде/кейінгі амбулаториялық және стационарлық көмекті ұйымдастырудың әлемдік деңгейде зерттеліп жатқан өзекті мәселе екенін көрсетті. Алғашқы медико-санитарлық көмек қызметіне COVID-19 пандемиясы кезінде қауіп төнді және басты назар стационарларға, әсіресе интенсивті терапия бөлімшелеріне қойылды. COVID-19 пандемиясы уақытында денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты поликлиника және стационарлар ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы мәселелерге тап болды. Сондықтан, локдаун енгізілуімен телемедицина қазіргі таңда медициналық қызмет көрсетудің басты әдісіне айналды. Қорытынды. Осылайша, бұл сатыда, медициналық қызмет көрсету тәсілдері өзгерген кезеңде денсаулық сақтау жүйесі цифрландыру мен COVID-19 пандемиясын есепке ала отырып, трансформацияны қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 214

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Мамырқұл М.Б., Абикулова А.К., Рамазанов М.Е., Болатов А.K., Ауезова А.М., Смаилова Д.С. COVID-19 пандемиясы жағдайында медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 33-43. doi 10.34689/SH.2022.24.4.005

Авторизируйтесь для отправки комментариев