ЖОҒАРЫ САЛМАҚ ПЕН СOVID-19 ПНЕВМОНИЯСЫМЕН ӨКПЕНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Кіріспе. 2019 жылдың аяғынан бастап SARS-CoV-2 вирусы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемияға себеп болды. Бүкіл әлем бойынша семіздікке шалдыққан адамдар артық салмақтан туындаған созылмалы аурулардың қаупінің жоғарылауына байланысты Сovid-19 вирусының ауыр асқынуларының жоғары қаупіне ие болды.
Мақсаты: өкпенің зақымдануының рентгенологиялық сатысына байланысты дене салмағы индексі (ДСИ) мен Сovid-19 пневмониясының нәтижелері арасындағы байланысты зерттеу.
Әдістері. 15.06.2020 жылдан бастап 15.07.2020 жылға дейін Сovid-19 ауруының шарықтау кезінде Семей қаласының Жедел медициналық қызмет ауруханасының инфекциялық бөлімінде стационарлық ем қабылдаған пациенттердің 303 ауру тарихы ретроспективті түрде зерттелді. Клиникалық және рентгенологиялық көрсеткіштердің байланыстарына статистикалық талдау жүргізілді.
Нәтижелері. Оң ПТР тесті бар және стационарлық ем алған 290 науқастың ішінен 68 адамда жоғары ДСИ көрсеткіші байқалған, әйелдер - 21,6%, ерлер - 25,2%. Жалпы топтағы орташа жас 59,5±15,2 құрады. Соңғы нүктесі - қолайсыз асқыну өліммен аяқталуы (ӨА). КТ-3 және КТ-4 және ӨА-да (φ=0,009) өкпе зақымдану дәрежесі арасындағы оң корреляция анықталды. Covid-19 пневмониясының ауырлығы кеуде қуысының рентгенографиясы мен КТ-ға сәйкес өкпенің зақымдану дәрежесін бағалауға негізделген. ӨА болған науқастарда өкпе зақымдануының пайызы 50% - дан асқан. Өкпедегі патологиялық процестің таралуына бірнеше қолайсыз факторлар әсер ететіні анықталды, соның ішінде - ДСИ.
Қорытынды. Дене салмағының жоғарылауы пневмониядан болатын өлімге әсер етпеген, бірақ пневмония мен өлімнің ауырлығын болжайтын факторлардың бірі рентгенологиялық әдістермен диагноз қойылған өкпедегі патологиялық өзгерістердің дәрежесі болды.
Көрген адамдардың саны: 219
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Мадиева М.Р., Мансурова Д.А., Каскабаева А.Ш., Курмангалиева А.Н., Куанышева А.Г., Дүйсенбекұлы Е., Раисов Д.Т. Жоғары салмақ пен Covid-19 пневмониясымен өкпенің зақымдануының рентгенологиялық дәрежесі арасындағы байланыс // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5 (Т.24). Б. 6-11. doi 10.34689/SH.2022.24.5.001Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ