Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 АУРУШАҢДЫҒЫ МЕН ҚОЛАЙСЫЗ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Кіріспе: Көптеген елдердің ғалымдары жаңа короновирустық инфекцияны зерттеумен айналысуда, диагностика және емдеу хаттамалары үнемі жаңару үстінде. Короновирусқа қатысты қазір қолда бар барлық мәліметтер шектеулі және ары қарай зерттеуді қажет етеді. Ғылыми жұмыстардың бір бөлігі COVID-19 аурушаңдығына қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін зерттеуге арналған. Сондықтан, ең алдымен профилатикалық іс шараларды ұйымдастыру үшін COVID-19 аурушаңдығына қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың байланысын зерттеу жалғасуы керек. Зерттеу мақсаты: COVID-19 аурушаңдығына қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін зерттеу. Әдістері: Шығыс Қазақстан облысында 01.04.2020 жылдан 28.02.2021 жылға дейінгі COVID-19 аурушаңдығының анализін, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы бойынша COVID-19 аурушаңдығы мен Өскемен қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелген күндер мәліметтерін сәйкестендіріп қарастыратын ретроспективті зерттеу жүргізілді. Нәтижелер сипаттаушы статистика әдістерімен өңделді. Нәтижелері: Біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде, оның ішінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелген күндерде COVID-19 аурушаңдығын зерттедік. Барлығы 14756 КВИ жағдайы талданды, оның ішінде КВИ-дің 9146 жағдайында вирус анықталған және КВИ-дің 5610 жағдайында вирус анықталмады. Тұрғылықты жері бойынша КВИ бар пациенттердің басым бөлігін қала тұрғындары құрады (70,2%), бұл өз кезегінде ҚМЖның КВИ сырқаттанушылығына тікелей әсерін көрсетеді, өйткені Өскемен қаласында ірі зауыттар мен комбинаттар шоғырланған. Метеорологиялық қолайсыз күндерінде вирус анықталған КВИ аурушаңдығы метеорологиялық қолайлы күндерге қарағанда төмен болды, бірақ корреляция 1:1,4-тен 1:2,16-ға дейінгі қатынаста байқалады. Метеорологиялық қолайсыз күндерінде вирус анықталмаған КВИ аурушаңдығы метеорологиялық қолайлы күндерге қарағанда төмен болды, бірақ корреляция 1:1,2-ден 1:1,56-ға дейінгі қатынаста байқалады. Тұжырымдар: КВИ аурушаңдығының 2020 жылдың қарашасынан 2021жылдың қаңтарына дейінгі кезең анализінде вирус анықталмаған КВИ қарағанда вирус анықталған КВИ 1,5-2 есеге артық. Тұрғылықты жері бойынша КВИ пациенттерірінің (70,2%) басым бөлігі қала тұрғындары болуы, КВИ аурушаңдығына тікелей МҚЖ әсерін көрсетеді, себебі дәл Өскемен қаласында ірі зауыттар мен комбинаттар шоғырланған. Корреляциялық жағдайдың КВИ мен байланысын анықтау, және қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың короновирустың алдын алу мақсатында модельдеу осы мәліметтерді қолдану жағдайын жоққа шығармайды.
Көрген адамдардың саны: 205

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Mussabekova Zh.A., Mukazhanova A.K., Akhmetova S.S., Aimukhambetov E.N., Zhaksylykova A.Zh., Ibragimova R.N., Kabdrakhmanova A.Zh., Zhunussova M.K. Relationship of COVID-19 incidence and adverse meteorological conditions // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 5, pp.20-27. doi 10.34689/SH.2022.24.5.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев