ХИМИЯЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІГІ БАР АДАМДАР АРАСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ: ЖАППАЙ (КӨЛДЕНЕҢ) ЗЕРТТЕУ
Өзектілігі. Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) пандемияға ұласуы емдік алдын-алу шараларының бәріне бір деңгейде қолжетімді болуы керек екенін тағы бір ескертті. Бұл әсіресе халықты вакцинациялау бойынша кең ауқымды іс шараларда өзекті болды. Бұл ретте халықтық осал әлеуметтік топтарын, әсіресе психоактивті заттарды пайдаланатындарды иммундық алдын алу кезінде айтарлықтай сұрақтар туындатты. Вакцинацияның ауқымы, тәуелді адамдардың COVID-19-ға қарсы вакцинацияға көзқарасы белгісіз болып қалуда.
Зерттеудің мақсаты: химиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдар арасында коронавируспен оның детерминантарына қарсы вакцинациямен қамтуды бағалау
Материалдар және әдістер: қағаз жүзінде және электронды түрдегі сауалнамалар арқылы тәуелділіктен зардап шегетін 427 адам арасында сауалнама жүргізілді. Әлеуметтік сипаттамалар, COVID-19 ауруының тарихы, пандемияға көзқарастары, профилактикалық және емдік іс шаралар туралы ақпарат көздері тіркелді. COVID-19-ға қарсы вакцинация статусы әртүрлі респонденттердің екі тобы арасында салыстырулар жүргізілді. Міндетті сипаттамаларға медиана мен кварталаралық ауқымды және үлемтерді есептеу кіреді. Салыстырулар Манн-Уитни критерийлерімен, қарсыласу кестемімен жане хи- квадрат критериялары көмегімен жүргізілді. Логистикалық регрессияны қолдана отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинаны алу ықтималдығы үшін жоғарыда айтылған сипаттамалардың сандық мәндері анықталды (мүмкіндік қатынасы – МҚ 95% сенімділік аралығында).
Нәтижесі: Вакцинаның кем дегенде бір дозасын алғысы келетін тәуелділердің үлесі 61,4%ді құрады. COVID-19-ға қарсы вакцинаны алмаған тұлғалар (n=165) көп жағдайда білім деңгейі төмен (χ2=17,17; р=0,004), жұмысқа орналасу бойынша қиыншылықтары бар (χ2=6,45; р=0,01), айлық есеп көрсеткіші төмен екенін айтты (χ2=22,48; р<0,001). Олар COVID-19-дың ауыр салдарын және отбасы мүшелері арасындағы инфекция салдарынан болған өлім көрсеткіші туралы (χ2асқынулар=12,93; р=0,002, χ2өлімге әкелетін=10,31; р=0,006) сирек айтты. Барлық респонденттердің бестен бір бөлігі ғана психоактивті заттарды пайдаланған кезде COVID-19-ты жұқтырудың жоғары қаупін адекватты түрде бағалады.
Регрессиялық талдау COVID-19-ға қарсы вакцина алу ықтималдығын арттыратын келесі факторларды анықтады: жылына кемінде бір рет учаскелік дәрігерге бару – МҚ = 2,06 (1,27; 3,35), дәрігерлерден вакциналар туралы ақпарат алу – МҚ=2,23 (1,24; 4,03), медицина мамандарына сенім – МҚ=1,9 (1,15; 3,16).
Қорытынды: тәуелді адамдар арасында COVID-19 емдеу және алдын алу әдістері туралы сенімді ақпаратқа қол жетімділіктің жеткіліксіздігі, сондай-ақ жұқтыру қаупін жете бағаламау халықтың осы тобы арасында ағарту іс-шараларының қажеттілігін туындатады.
Көрген адамдардың саны: 203
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Прилуцкая М.В., Кусаинов А.А., Алтыбаева Г.К., Тукинова Г.Я. Химиялық тәуелділігі бар адамдар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация: жаппай (көлденең) зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5 (Т.24). Б. 28-35. doi 10.34689/SH.2022.24.5.004Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ