SARS-COV-2-НІ МҰРЫН-ЖҰТҚЫНШАҚ ЖАҒЫНДЫЛАРЫНДА АНЫҚТАУ ҮШІН MALDI-MS МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯСЫН ҚОЛДАНУ. ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ.
Өзектілігі: Миллиондаған адамның өмірін қиған COVID-19-дың жаһандық таралуы көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі салаларында күрделі проблемаларды көрсетті. Пандемияға қарсы күрестің негізгі міндеттерінің бірі COVID-19 диагностикасының әдісін таңдау болды. Кері транскрипция-ПТР (RT-PCR) вирусты анықтаудың алтын стандарты ретінде таңдалды. Дегенмен, жасалған зерттеулер мұрын жағындыларында SARS-CoV-2 анықтау үшін матрицалық лазерлік десорбция/ионизация масс-спектрометриясының (MALDI-MS) және машиналық оқыту талдауының тиімділігін көрсетті.
Мақсат. Адамның мұрын жағындыларында SARS-CoV-2 анықтау үшін MALDI-MS масс-спектрометриясын қолдану бойынша әдебиеттерді талдау.
Iздеу стратегиясы. 2019-2021 жылдар аралығында Medline, Scopus дерекқорларда ағылшын тіліндегі толық мәтінді жарияланымдарға талдау жасалды. Келесі кілт сөздер мен олардың комбинациялары сұралды: SARS-CoV-2 және MALDI және “масс-спектрометрия” және мс. 47 мақала анықталды, оның 37-сі зерттеуге шолу үшін енгізілді. Қосылу критерийлері: мұрын жағындыларында SARS-CoV-2 анықтау үшін MALDI-TOF MS масс-спектрометриясын пайдалану тәжірибесін сипаттайтын соңғы 3 жылдағы (2019-2021) ағылшын тіліндегі мақалалар талданды және өңделді. Алып тастау критерийлері: MALDI-MS әдісін немесе мұрын жағындысынан басқа биоматериалды сипаттамайтын мақалалар.
Нәтижелер мен қорытындылар. Зерттелген әдебиеттердің нәтижелері бойынша RT-ПТР балама әдісі ретінде масс-спектрометрияны қолдану мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 237
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Кадырова И.А., Султанбекова А.А., Барханская В.И., Колесниченко С.И., Колесникова Е.А., Лавриненко А.В., Коршуков И.В., Беков Е.К., Егоров С.В., Бабенко Д.Б. SARS-CoV-2-ні мұрын-жұтқыншақ жағындыларында анықтау үшін MALDI-MS масс-спектрометриясын қолдану. Жүйелі шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5 (Т.24). Б. 36-44. doi 10.34689/SH.2022.24.5.005Ұқсас жариялымдар:
ANALYSIS OF CLINICAL AND EPIDEMIOLOGICAL FEATURES OF HERPESVIRUS REACTIVATION IN INDIVIDUALS WITH A HISTORY OF COVID-19
РОЛЬ ДЕМОГРАФИЧЕСКИХ И СОЦИАЛЬНЫХ ФАКТОРОВ В ДИАГНОСТИКЕ И ПРОФИЛАКТИКЕ COVID-19: ИССЛЕДОВАНИЕ В ГОРОДЕ СЕМЕЙ
THE CONDITION OF THE VASCULAR ENDOTHELIUM IN CHILDREN WITH COVID-19 AND BRONCHO-OBSTRUCTIVE SYNDROME
LONG-TERM CONSEQUENCES OF CORONAVIRUS INFECTION (SARS-COV-2) IN WOMEN OF CHILDBEARING AGE
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ