Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ COVID-19 ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
Кіріспе: Алғаш рет 2019 жылдың соңында хабарланған коронавирустық инфекция (COVID-19) әлемдік пандемияға ұласып, біздің қазіргі өміріміздің барлық аспектілеріне әсер етті. Зерттеу мақсаты: Павлодар облысындағы COVID-19 эпидемиологиялық ерекшеліктерін зерделеу және талдау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу дизайны сипаттамалық ретроспективті зерттеу болып табылады. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының ресми көздерінен алынды. Зерттеуге 30.06.2020 және 31.10.2021 аралығындағы кезеңде коронавирустық инфекция бойынша Павлодар облысының емдеу мекемелерінде амбулаторлық және стационарлық ем қабылдаған науқастар таңдалды. Зерттеу материалдары Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының есептері. Нәтижелері. Мақалада Павлодар облысында халықтың коронавирустық инфекциясымен сырқаттануы бойынша эпидемиологиялық деректер келтірілген. 2020 жылғы 30 маусымнан 2021 жылғы 31 қазанға дейін COVID-19 ауруының анықталған жағдайларының саны 29 443 адамды құрады. Егер пациенттерді жынысы бойынша қарастыратын болсақ, әйелдер (17 831 (60,56%)) ер адамдардан (11 612 (39,44%)) қарағанда едәуір көп болды. Науқастардың негізгі бөлігі 61 жастан 70 жасқа дейінгі жас категориясына жатады, ал ерлер мен әйелдердің ара-қатынасы 1:1.54 құрады. Стационарда болу ұзақтығы мен көрсетілетін стационарлық көмек түрі арасында статистикалық маңыздылығы табылды (p<0.001, VS-MPR*=2.135×10+22). Қорытынды. Жүргізілген зерттеуде COVID-19 ауруына шалдыққан әйелдердің саны ер адамдардан қарағанда басым болды, осыған қарамастан, ерлер арасындағы өлім-жітім әйелдер өлімінің санынан басым болды. Зерттеуде пациенттердің тәулік бойы бақылауда болуымен салыстырғанда ерлер мен әйелдердің үйде емделу ұзақтығында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ.
Көрген адамдардың саны: 169

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Омарбеков Е.Д., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Оспанов Е.А., Крыкпаева А.С. Павлодар облысындағы COVID-19 эпидемиологиялық ерекшеліктерін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 26-32. doi 10.34689/SH.2023.25.1.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев