ГЕРИАТРИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДАҒЫ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЕМНІҢ ҚҰНЫН ТАЛДАУ
Мақсаты: Гериатриялық науқастардағы жарақатты емдеудің клиникалық барысын және құнын бағалау.
Әдіс-тәсілдері: 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында қабылданған 65 жастан асқан жарақаттанған науқастардың мәліметтер базасы құрылды. Бір нұсқалы талдау жүргізілді. Үздіксіз айнымалылар үшін орталық тенденция мен дисперсия өлшемдері есептелді. p<0,05 мәні статистикалық маңызды деп қабылданды.
Нәтижелер. Барлығы 202 науқас талданды, олардың орташа жасы 75,5±8,1 жасты құрады. 51,5% әйелдер, жалпы өлім 0,5% құрады. Жарақаттың негізгі механизмі құлау болды. Пациенттерді емдеудің орташа құны 1251,98 АҚШ долларын құрады.
Қорытынды: Біздің ауруханада гериатриялық жарақаттардың жиі кездесетінін анықтадық, оның негізгі себебі осы популяцияда құлаудың жиілігі жоғары.
Көрген адамдардың саны: 166
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Энгин М., Кавальчи Ч., Челик К., Тектен Б.-О. Гериатриялық науқастардағы травматологиялық көмектің клиникалық сипаттамасы және жүргізілген емнің құнын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 74-78. doi 10.34689/SH.2023.25.1.009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ