Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНCАУЛЫҒЫ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Өзектілігі. Covid-19 жұқтырған науқастарды диагностикалауға, емдеуге және күтуге тікелей қатысқан медицина қызметкерлерінде психиканың бұзылысы және психологиялық денсаулықтың басқа белгілерінің даму қаупі жоғары. Расталған және күдікті Covid-19 науқастарының күнделікті санының көбеюі, ауыр жұмыс жүктемесі, жеке қорғаныс құралдары мен арнайы дәрі - дәрмектердің болмауы, сондай-ақ тиісті қолдаудың болмауы медицина қызметкерлерінің психикалық дағдарысына әкелді. Мақсаты. Медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын нығайту және қолдау үшін біз Covid-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерінің психологиялық белгілерін бағалауға тырыстық. Іздеу стратегиясы. Covid-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын талдау және бағалау үшін 2020-2023 жылдар аралығында PubMed, Google Scholar, Web of Science, MEDLINE Complete және Cochrane Library дерекқорлары пайдаланылды. Шолуға енгізу критерийлері: Covid-19 пандемиясы кезінде жұмыс жасаған дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер және басқа да медицина қызметкерлеріне жүргізілген зерттеулер; ағылшын тілінде жарияланған кросс-секционды, когорт және oқиға-бақылау зерттеулері. Бұл шолуда қолданылған негізгі терминдерге "денсаулық сақтау мамандары" немесе "алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлері" немесе "медбикелер" немесе "дәрігер" және "психикалық денсаулық" немесе "психикалық бұзылыс" немесе "ментальды денсаулық" немесе "психикалық денсаулық жағдайы" немесе "психикалық ауру" және "Covid-19" немесе "коронавирус ауруы 2019" немесе "SARS-CoV-2" немесе "коронавирус ауруы". Алып тастау критерийлері: COVID-19 кезінде емес, медицина қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген зерттеулер, дәлелді медицина аясында жасалған, нақты тұжырымдары бар мақалалар, басқа тілдерде жарияланған мақалалар. Нәтижесінде, осы шолу үшін 25 мақаланы. Қорытынды. Covid-19 медицина қызметкерлерінің психикалық жағдайына, әсіресе науқастармен тікелей жұмыс жасаған дәрігерлерге қатты әсер етті. Зерттеулердің көп бөлігі медицина мамандарының Covid-19 пандемиясы кезінде мазасыздық, депрессия және ұйқысыздық белгілерін және психологиялық көмектің жоқтығын көрсетті. Келешектегі стратегиялар Covid-19 пандемиясы кезінде жұмыс жасаған медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын скринингтеу және нығайту бойынша арнайы іс-шараларды көздеуі тиіс.
Көрген адамдардың саны: 167

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Арынтаева Н.E., Гриффин И., Кору-Сенгул Т., Аимбетова Г.Е., Байсугурова В.Ю., Багиярова Ф.A., Жумагалиулы А. COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психикалық денcаулығы: әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 23-29. doi 10.34689/SH.2023.25.2.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев