Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 КЕЗІНДЕ ЖЫНЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 30 КҮНДІК ӨЛІМ ДАМУЫ ҚАУПІНДЕГІ ГЕМОГРАММА ИНДЕКСТЕРІНІҢ БОЛЖАМДЫ МӘНІ
Зерттеу мақсаты: SARS-CoV-2 инфекциясы иммундық жүйенің жұмысына қатты әсер етуі мүмкін. Гемограммалардың болжамды маңыздылығы көрсеткіштерінің айырмашылықтары белгілі гендерлік иммунологиялық ерекшеліктер туралы сұрақ туғызады. Зерттеудің мақсаты ерлер мен әйелдердің 30 күндік өлім қаупін бағалау үшін гематологиялық көрсеткіштердің маңыздылығын салыстыру болып табылады. Материалдар мен әдістер: Біз 2021 жылғы 1 мамыр мен 2021 жылғы 30 тамыз аралығында Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасына жатқызылған COVID-19-ға оң мұрын-жұтқыншақ ПТР-жағындысы бар 1419 пациентті қамтитын ретроспективті обсервациялық зерттеуін жүргіздік. Қабылдау кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулер NLR, NPR, PLR және SII алу үшін толық қан анализін қамтыды. ROC қисығы 30 күндік өлім болжамының тиімділігін талдау үшін салынды. Бір өлшемді және көп өлшемді Кокс регрессиясы арқылы нейтрофильді индекстердің өліммен байланысы талданды. Нәтижелері және талқылауы: Зерттеу нәтижелері бойынша 30 күндік кезеңде 95 адам қайтыс болды (8,5%), ерлер арасындағы өлім әйелдерге қарағанда 1,9 есе жоғары болды. Біз жынысына қарамастан өліммен аяқталған COVID-19 пациенттерінде NLR, NPR және SII мәндерінің жоғарылағанын анықтадық. Дегенмен, біз алғаш рет ерлер мен әйелдердің өлімі үшін NLR, NPR, TLR және SII сияқты қан жасушаларын санауға негізделген қабыну индекстерінің болжамдық маңыздылығын салыстырдық. Атап айтқанда, біздің зерттеуімізде NLR және NPR тәрізді AUC мәндері әйелдерде (0,785 және 0,798) және NLR – ерлерде (0,736) өлімді болжау үшін бағаланған біріктірілген индекстер арасында ең жоғары болды. Қорытынды: Бұл маркерлер әйелдерде, әсіресе NPR, ерлерде – NLR өлімді болжау үшін пайдалы болуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 154

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Тургунова Л.Г., Механцева И.В., Ларюшина Е.М., Алина А.Р., Турмухамбетова А.А. COVID-19 кезінде жынысына байланысты 30 күндік өлім дамуы қаупіндегі гемограмма индекстерінің болжамды мәні // Наука и Здравоохранение. 2023. 3 (Т.25). С. 7-15. doi 10.34689/SH.2023.25.3.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев