Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПОЛИМОРФИЗМДЕРДІҢ COVID-19 ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУЫНА ЖӘНЕ АҒЫМНЫҢ АУЫРЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Кіріспе. 2020 жылдың қаңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралғанын жариялады. COVID-19-дың клиникалық көрінісі ауқымды: инфекцияның симптомсыз түрінен жедел респираторлық дистресс синдромына дейін, көп жағдайда өліммен аяқталады. Кейбір вирустық инфекциялардан кейін өмір бойы тұрақты иммунитет сақталады, кей инфекцияларды өмірінде бірнеше рет қайта жұқтыру қаупі бар. COVID-19-бен ауырғандардың қайта жұқтырылу қаупінің бар не жоқ болуын білу өте маңызды. Мақсаты. Бұл зерттеуде біз IL2, IL6, IL10 гендерінің полиморфизмдерінің COVID-19 бен қайта жұқтырылудың, аурудың екі эпизодындағы ауырлық ағымының байланысын зерттегіміз келді. Материалдар мен әдістер: Ретроспективті зерттеуге COVID-19 диагнозы расталған барлық 301 пациент қатысты, олардың 76-сы қайта ауырды. Генетикалық зерттеу ПТР әдісімен нақты уақытта жүргізілді. Нәтижелері: Бастапқы COVID-19 бен ауырған 22 ауыр науқастардың 7-і ауыр дәрежеде, 15-сі жеңіл дәрежеде ауруды басынан өткізді. COVID-19 бен ауырған 54 жеңіл дәрежелі науқастардың қайта ауырған кезде 16-да аурудың ауыр ағымы және 38- де жеңіл өтті. IL2 rs1801274, IL6 rs2069840, IL10 rs1800872 гендерінің полиморфизмдерінің мультипликативті тұқым қуалау моделінің нәтижелері COVID-19 ауруының қайталанған эпизодымен статистикалық маңызды ассоциацияның жоқтығын көрсетті (р > 0,2). Қорытынды. Реинфекциялану кезінде COVID-19 ағымының ауырлығы және IL2, IL6, IL10 цитокин гендерінің полиморфизмдері байланысты емес. Біздің нәтижелер COVID-19 инфекциясынан кейін ұзақ мерзімді иммунитет сақталмайтынын және қайта жұқтыру қаупі бар екендігін тағы да растайды.
Көрген адамдардың саны: 132

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Есенбаева А.А., Масабаева М.Р., Апсаликов Б.А., Жоламбаева З.С., Хамитова М.О., Хамидуллина З.Г., Касым Л.Т. Генетикалық полиморфизмдердің COVID-19 қайта жұқтыруына және ағымның ауырлығына әсері // Наука и Здравоохранение. 2023. 3 (Т.25). С. 16-21. doi 10.34689/SH.2023.25.3.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев