COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Өзектілігі. Covid-19 пандемиясы денсаулық сақтау қызметкерлерінің аурушаңдығы мен өлімінің айтарлықтай өсуіне әкелді. Covid-19 пандемиясы кезінде науқастармен тікелей байланыста болу салдарынан медицина қызметкерлерінің инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болды. Медицина мамандарында Covid-19 инфекциясын жұқтыру қаупі, ұзақ жұмыс кестесі, психикалық күйзелістерге байланысты депрессия, мазасыздық, суицидтік ойлар, ұйқының бұзылуы, жарақаттан кейінгі стресстік бұзылуы (ЖКСБ) және есірткіге тәуелділік белгілері болды. Бұл симптомдар сонымен қатар жұмыстағы стресс, отбасы мүшелерін жұқтыру қорқынышы, сондай-ақ инфекцияға байланысты стигмадан туындады.
Мақсаты. Covid-19 пандемиясы кезінде медицина мамандарының психикалық және физикалық денсаулығын бағалау үшін тиісті әдебиеттерді шолу.
Іздеу стратегиясы. Google Scholar, Web of Science және PubMed дерекқорларында 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта "медицина қызметкерлері", "SARSCoV-2", "Covid-19", "денсаулық", " мазасыздық", "сауықтыру", "депрессия" және "ЖКСБ" түйінді сөздерді пайдалану арқылы медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығына талдау жүргізілді. Бұл зерттеуге ағылшын тілінде жарияланған, Covid-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерінің психикалық және физикалық денсаулығын зерттеген мақалалар енгізілді. Басқа пандемия кезінде жүргізілген зерттеулер және медицина қызметкерлерінен басқа жұмысшылардың психикалық денсаулығын зерттеген зерттеулер, сондай-ақ басқа тілдерде жарияланған мақалалар осы шолудан алынып тасталды.
Қорытынды. Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қамтамасыз ету және психикалық денсаулықты арнайы мамандармен қолдау медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын сақтаудағы негізгі қорғаныс шараларының бірі болып табылады. Медицина қызметкерлерінің психикалық және физикалық денсаулығын алғашқы орынға қою тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, жалпы халықтың психикалық дағдарысының алдын алудың негізгі болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 138
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Арынтаева Н.E., Ибраева Ж.Б., Кору-Сенгул Т., Аимбетова Г.Е., Байсугурова В.Ю., Багиярова Ф.A., Жумагалиулы А. COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің физикалық және психикалық денсаулығы: әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 22-31. doi 10.34689/SH.2023.25.3.003Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ