ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ТАЛДАУ
Кіріспе. Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қызметі қызмет көрсеткен өтініштер саны 2010 жылғы 5 781 241 шақыртудан 2020 жылы 6 994 864 шақыртуға дейін өсті (ҚР ДСМ 2010-2020). Аурулардың хронизациясына және науқастардың жағдайының ауырлауына байланысты жедел медициналық көмекке жүгіну саны тұрақты өсуде (Верткин А. Л., 2012). 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысында 517 672 қоңырауға және Павлодар облысында 286435 қоңырауға қызмет көрсетілді (ҚР ДСМ 2020). Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде адамдардың шамамен 20%-ы ауруханаға дейінгі кезеңде білікті медициналық көмектің болмауы және уақтылы көрсетілмеуі салдарынан қайтыс болады (Барклая В.И., 2007).
Мақсаты: Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жедел медициналық жәрдем станциясының қажеттілігі мен медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу.
Материалдар мен әдістер: 2010-2020 жылдары Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде қажеттілікке және медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуге салыстырмалы ретроспективті талдау "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі" статистикалық жинақтарының деректері бойынша жүргізілді.
Нәтижелері: Павлодар облысында дербес жедел медициналық жәрдем станцияларының саны 3 есеге азайды. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысына шығу саны 2010 жылғы 666336-дан 2020 жылы 517672-ге дейін 1.3 есе азайды. Оның ішінде, дәрігерлік бригадалар саны Шығыс Қазақстан облысында 2010 жылы 51 иә 2020 жылы 13-тен 4 есе азайды. Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысындағы кардиологиялық бригадалар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 0-ге жетті – 24 бригада. Айта кету керек, мамандандырылған психиатриялық бригадалар саны 2017-2020 жылдары республика бойынша да, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да 0-ге дейін қысқарды.
Қорытынды: Осылайша, зерттелетін кезеңде (2010-2020 жж.) Павлодар облысында дербес жедел медициналық жәрдем станцияларының саны қысқарды. Шығыс Қазақстан облысында сапарлардың жалпы саны, сондай-ақ жалпы бейінді дәрігерлік және педиатриялық бригадалар саны қысқарды. Айта кету керек, психиатриялық бригадалар саны республика бойынша да, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да 0-ге жетті.
Көрген адамдардың саны: 256
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кусаинова Д.К., Хисметова З.А., Серикова-Есенгельдина Д.С., Сарсенбаева Г.Ж., Садибекова Ж.У., Әшімова Е.Д. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жедел медициналық жәрдем станциясының қажеттілігі мен медициналық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 94-100. doi 10.34689/SH.2023.25.3.012Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА