Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАТЫРІШІЛІК ӨСУДІҢ ТОҚТАУ ҚАУПІН БАҒАЛАУ ҮШІН ЖЕКЕ ГРАФИКТЕРДІҢ ҚҰРҒАН КЕЗДЕ ҰРЫҚТЫҢ ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША КОРРЕКТИРОВКА
Кіріспе: Жүктіліңк кезінде жатырішілік өсудің тоқтауының диагностикасы антенаталды күтімнің маңызды сәтіне жатады, ол әсіресе төмен қаупі бар әйелдерде маңызды және жиі анықталмаған болып келеді. Қазіргі кезде ұрықтың антенаталды өсуін бағалайтын популяциялық, жекеленген диаграммалары бар. Мақсаты: Қазақстанның жүкті әйелдер популяциясында ана мен ұрықтың өзгеріп тұратын сипаттамаларының туған кезде ұрық салмағына әсерін анықтау. Материалдар мен тәсілдер: Біздің зерттеудің дизайны бір мезетті көлденең зерттеу болды. Зерттеуге қосу критерийлері болып саналды: жүктіліктің алғашқы үш айында 10-14 апта мерзімдегі УДЗ скрининг болуы, жүктіліктің асқынбаған ағымы, бір ұрықты жүктілік. Зерттеуге қоспау критерийлері: көп ұрықты жүктілік, ұрықтың жамбаспен орналасуы, ұрықтың дұрыс емес жағдайда орналасуы (көлденең, қиғаш), ұрықтың салмағы 2500 грамм дейін немесе 4000 граммнан жоғары, уақытынан ерте босану, гипертензиялық жағдайлар, ұрықтың антенаталды өлуі, ұрықтың жатырішілік ақаулары, қағанақ суының көптігі, қағанақ суының аздығы, экстрагениталды патология. Нәтижелер: Осы зерттеуге дене салмағы 2500 мен 4000 грамм арасында тірі ұрық тууымен аяқталған ұрық басымен орналасқан толық жетілген жүктіліктің 3886 жағдайы таңдап алынды. Еркек жынысты ұрықтың орташа салмағы 3440,0 грамм құрады және ол әйел жынысты ұрыққа қарағанда ауыр болды (Ме 3370 грамм). Гестациялық жасқа байланысты ұрық салмағы әр апта сайын ауырлады (p < 0,001). Сонымен қатар гестацияның 37 – 42 апта мерзімдерінде туған кездегі ұрықтың салмағы мен жатыр түбінің биіктігі орташа көрсеткіштерінде ұрықтың жынысына байланысты айырмашылық анықталды (p = 0,042; p = 0,021; p = 0,011; p = 0,002, сәйкесінше). Анасының париеті 1 босануға артқан кезде ұрық салмағының 40,79 граммға артық болатыны болжанды. Сызықты регрессия әдісімен анансының анамнезінде бір босану болған кезде ұрықтың салмағы 62,05 граммға артық, ал екі босану болған кезде - 105,92 граммға артық, ал 3 және одан да көп босану болған кезде - 107,91 граммға артық болатыны болжанды. Біз 20-24 жастағы босанатын әйелдерде ұрықтың салмағы 20 жастан кіші босанатын әйелдермен салыстырғанда 79,98 граммға артық болатыны анықталды. Ал 25-29 жастағы жүкті әйелдерде ұрықтың салмағы 97,63 граммға артық болатыны, 30-34 жастағы босанатын әйелдерде - 104,22 граммға артық, және 35 жастан үлкен әйелдерде - 84,62 граммға артық болатыны анықталды. Гестациялық жас 1 аптаға артқан кезде ұрықтың салмағы 101,98 граммға ауырлайды деп болжанды. Еркек жынысты ұрықпен жүктілік кезінде ұрық салмағы 54,14 граммға артық болады деп болжанды (p < 0,001). Қорытынды: Ұрықтың жынысы туған кездегі салмаққа және бойына әсер етеді, сонымен қатар жүктіліктің 37 - 42 аптасында жатыр түбінің биіктігіне әсер етеді.
Көрген адамдардың саны: 166

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Шарипова М.Г., Танышева Г.А., Кыстаубаева А.С., Шаханова А.Т., Рыспаева Ж.А., Жаксылыкова З.К., Акимжанов К.Д., Кожахметова Д.К. Жатырішілік өсудің тоқтау қаупін бағалау үшін жеке графиктердің құрған кезде ұрықтың жынысы бойынша корректировка // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.92-100. doi 10.34689/SH.2023.25.4.011

Авторизируйтесь для отправки комментариев