Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
Кіріспе. Жұқпалы аурудың маңызды сипаттамасы, әсіресе SARS-CoV-2 сияқты жаңа қоздырғыштан туындаған-оның ауырлығы, соңғы өлшемі оның өлімге әкелетін қабілеті. Өлім-жітім деңгейі аурудың ауырлығын түсінуге, қауіп топтарын анықтауға және медициналық көмектің сапасын бағалауға көмектеседі. Зерттеудің мақсаты - COVID-19-мен байланысты пневмониямен ауыратын науқастарда жағымсыз нәтиженің даму қаупінің факторларын зерттеу. Материал және әдістер. COVID-19-мен байланысты пневмониямен ауыратын 292 cтационарлық науқастардың медициналық картасына ретроспективті талдау жүргізілді. Оның ішінде COVID-19 расталған жағдайымен 251 пациент (86%) және өлім-жітім тіркелген COVID-19 ықтимал жағдайымен 41 науқас (14%) анықталды. Зерттеу 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде, Астана қаласының "Қалалық Инфекциялық Орталығы" ШЖҚ МКК-де стационарлық емделуде болған, соңы өлімге алып келген пациенттердің тарихы бойынша жүргізілді. Алынған деректерді статистикалық өңдеу, сипаттамалық статистика әдістерімен жүргізілді. Сандық деректер медиана (Me), төменгі және жоғарғы квартильдер (Q1 – Q3), категориялық деректер - IBMSPSS Statistics 20.0 және Jamovi бағдарламалары арқылы абсолютті мәндер мен пайыздық үлестермен сипатталды. Нәтижелер және талқылау. Жүргізілген зерттеулер COVID-19-мен байланысты пневмониямен ауыратын науқастарда өлім-жітім егде жастағы топтарда (негізінен 65 жастан асқан науқастарда) жиі тіркелетінін көрсетті. Аурудың қолайсыз нәтижесінің болжаушылары кеш ауруханаға жатқызу болып табылады (аурудың 7-9 күнінде науқастардың 38,6%, 10 немесе одан да көп күнінде-21,4% ауруханаға жатқызылған), науқастардың ауруханаға түскен кезіндегі жағдайының ауырлығы (пациенттердің 66,7% – ауыр жағдайда, ал 33,3% - өте ауыр жағдайда тіркелген), ауруханаға түсу кезіндегі асқынулардың болуына байланысты және ауыр қатар жүретін аурулардың аясында. Науқастардың COVID-19-ға қарсы вакцина алмауы, COVID-19 коронавирустық инфекциясының дамуына және ауырлығына да әсер етуі мүмкін. COVID-19 кезінде өлімнің дамуының негізгі себептері, тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпе эмболиясы, сепсис, жедел респираторлық дистресс синдромы болып табылады. Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғаңының бұзылуы, семіздік, 2 типті қант диабеті сияқты қатар жүретін аурулар COVID-19 инфекциясын ауырлығын күшейтеді. Қолайсыз нәтиженің зертханалық болжаушылары лимфопения, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы (СОЭ), С-реактивті ақуыз (СРБ), интерлейкин-6 (IL-6), Д-димер және прокальцитониннің (ПКТ) жоғарылауы болып табылады. Бұл өзгерістердің ауырлығы, аурудың ауырлығымен тікелей пропорционалды түрде байланысты болды. Қорытындылар: COVID-19-мен байланысты пневмониясының қолайсыз нәтижесінің қауіп факторлары егде жас, кеш ауруханаға жатқызу, жағдайдың ауырлығы және ауыр қатар жүретін патология аясында, пациенттер ауруханаға түскен кезде асқынулардың болуы болып табылады. Жағдайдың ауырлығы және өлімнің даму қаупі лимфопенияның ауырлығымен, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылау дәрежесімен, С-реактивті ақуыз, ИЛ-6, D-димер және прокальцитониннің деңгейінің жоғарлауымен байланысты болды. Жоғарыда көрсетілген өлім қаупінің факторларын анықтау және есепке алу, аурудың қолайсыз ағымының мүмкіндігін уақтылы болжауға және өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу үшін қажетті емдеу шараларын түзетуге мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 15

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Кулжанова Ш.А., Сапар Ж.М., Туребаева Г.О. COVID-19 коронавирустық инфекциясындағы өлім жағдайларын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 7-16. doi 10.34689/SH.2023.25.5.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев