ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Қазіргі уақытта жаңа коронавирустық инфекция және оның салдары, емдеу мен вакцинацияның айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, өзектілігін жоғалтпады.
Зерттеу мақсаты: Түркістан облысының инфекциялық стационарларына қабылданған COVID-19 пациенттерінде ілеспелі аурулардың болуына байланысты симптомдарға салыстырмалы талдау жүргізу.
Зерттеу әдістері: Ретроспективті бақылау зерттеуі жүргізілді, оның барысында біз 2020-2021 жылдары Түркістан облысының ауруханаларына қабылданған COVID-19 пациенттерінің деректерін талдадық. Ақпараттық жүйеден кездейсоқ түрде COVID-19 бар 958 пациенттің деректері іріктеліп алынды, медициналық карталардан пациенттердің клиникалық белгілері және ілеспелі аурулар туралы мәліметтер алынды. Алынған мәліметтер SPSS статистикалық бағдарламасының сынақ нұсқасында (SPSS 20 Inc, Chicago, IL, USA) талдаудан өтті, статистикалық маңызды деңгейі p < 0,05 деп қабылданды.
Нәтижелер: COVID-19 пациенттерінің зерттелген іріктемесінде ең көп таралған тыныс алу жүйесінің ілеспелі аурулары болды - 45,6%, екінші орында жүрек-қан тамырлары аурулары – 36,2%. Қабылдау кезінде жиі кездесетін симптомдар жөтел - 68,8%, дене температурасының жоғарылауы-56,7% және ентігу - 47,4% болды. Сирек кездесетін белгілер қатарында диарея -3%, бас айналу - 29%, құсу - 12,5%, миалгия - 19,1% болды. Біз талдаған деректерге сәйкес COVID-19 пациенттерінде жүрек-қантамыр, тыныс алу, жүйке жүйелерінің аурулары және қант диабеті болған жағдайда 80,0% – дан астам жағдайда жөтел, 7,0% - дан астам диарея, 41,0% - дан астам бас айналу, 27,0% - дан астам миалгия, 64,0% - дан астам ентігу және 71,0% - дан жоғары жағдайларда қызба сияқты клиникалық симптомдар статистикалық маңызды түрде жиі байқалды.
Қорытынды: Егде жастағы адамдарда клиникалық симптомдар статистикалық тұрғыдан жиі кездесті. Ілеспелі патологиясы бар пациенттерде қарастырылып отырған барлық симптомдар жиі байқалатындығын, яғни COVID-19 клиникалық ағымының айқындығын көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 15
Мақалалар санаты:
COVID-19-өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Садыкова К.Ж., Нускабаева Г.О., Маденбай К.М., Кулахметова Х.Б., Айдарбекова Д.Н., Азизходжаева Д.Ш., Кемельбеков К.С., Мусина А.А. Түркістан облысының ересек пациенттеріндегі ілеспелі ауруларға байланысты COVID-19 клиникалық көрінісі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.17-26. doi 10.34689/SH.2023.25.5.002Ұқсас жариялымдар:
SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕСЕК ПАЦИЕНТТЕРІНДЕГІ ІЛЕСПЕЛІ АУРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COVID-19 КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ