SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
				    
					    Өзектілігі. SARS-CoV-2 байланысты көп жүйелі қабыну синдромы (КҚС)  цитокин өндірісінің жоғарылауымен қарқынды иммундық белсендіруді көрсететін, белгілер мен симптомдармен сипатталады. 
Мақсаты. Біздің зерттеуіміздің мақсаты SARS-CoV-2-мен байланысты көп жүйелі қабыну синдромы бар балалардағы иммундық жауаптың өзгеруін зерттеу болды.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеуге SARS-CoV-2-мен байланысты көп жүйелі қабыну синдромы бар 35 бала кірді, бақылау тобы COVID-19 жұқтырған және көп жүйелі қабыну синдромы дамымаған 15 сау баланы құрады. Барлық пациенттердегі иммундық жауаптың жағдайы перифериялық қанды иммунофенотиптеу әдісімен бағаланды. 
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау. SARS-CoV-2 - мен байланысты КҚС бар балаларда CD3+ Т-жасушалық лимфопения, NK- жасушаларының төмендеуі, CD-95 апоптоз маркерінің экспрессиясы, сондай-ақ CD-25 белсендіру маркерінің экспрессиясының жоғарылауы байқалды. Гуморальды иммундық жауаптың өзгеруі в лимфоциттерінің салыстырмалы санының жоғарылауы және CD3-HLA-DR+В жасушаларының активтену маркерінің экспрессиясының жоғарылауы ретінде көрінді.
Қорытынды. SARS-CoV-2-мен байланысты КҚС бар балаларда терең иммундық дисрегуляция бар, бұл біз алған мәліметтерден көрінеді.				    
            
            
                Көрген адамдардың саны:  228    
    
    
        Мақалалар санаты:
        
            COVID-19-өзекті тақырып        
    
    Библиографиялық сілтемелер
Джаксыбаева И.С., Боранбаева Р.З., Булегенова М.Г., Толганбаева А.А., Уразалиева Н.Т., Кустова Е.А., Герайн В.И. SARS-COV-2-мен байланысты көп жүйелі қабыну синдромы бар балалардың иммунологиялық өзгерістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 27-33. doi 10.34689/SH.2023.25.5.003Ұқсас жариялымдар:
                ANALYSIS OF CLINICAL AND EPIDEMIOLOGICAL FEATURES OF HERPESVIRUS REACTIVATION IN INDIVIDUALS WITH A HISTORY OF COVID-19            
        
        
                РОЛЬ ДЕМОГРАФИЧЕСКИХ И СОЦИАЛЬНЫХ ФАКТОРОВ В ДИАГНОСТИКЕ И ПРОФИЛАКТИКЕ COVID-19:  ИССЛЕДОВАНИЕ В ГОРОДЕ СЕМЕЙ            
        
        
                THE CONDITION OF THE VASCULAR ENDOTHELIUM IN CHILDREN WITH COVID-19 AND BRONCHO-OBSTRUCTIVE SYNDROME            
        
        
                LONG-TERM CONSEQUENCES OF CORONAVIRUS INFECTION  (SARS-COV-2) IN WOMEN OF CHILDBEARING AGE            
        
        
                SARS-COV-2-МЕН БАЙЛАНЫСТЫ КӨП ЖҮЙЕЛІ ҚАБЫНУ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ            
        
        