Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РЕАКТИВТІ АРТРИТІ БАР НАУҚАСТАРДА БУЫН СИНДРОМЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Автор (лар): Ногаева М.Ғ.
Зерттеудің мақсаты реактивті артриті (РеА) бар науқастардың буын синдромының клиникалық ерекшеліктерін зерттеу. Материалы және әдістері. РеА бар 67 науқас қаралып тексерілді жасы 18 ден бастап 44 дейін (негізгі топ) ерлер - 63 (94%), орташа жасы – (26,01±0,86). Әйелдер (орташа жасы – 35,5±3,86) 4 (6%). Бақылау тобын жынысы және жасы бойынша сәйкес 20 сау адамдар құрады (орташа жасы – 24,55 ± 0,94). Бақылау тобын зерттеу РеА клинико-лабораторлы диагностика алгоритмі бойынша жүргізілді . Аурудың қоздырғышына байланысты науқастар урогенитальді, энтероколиттік екі формасына бөлінді. РеА ең жиі себебі болып урогенитальді инфекция (70,1%) табылды, ал энтероколиттік – 2 есе сирек анықталды (29,9%). Нәтижесі. РеА клиникалық көрінісі айқын буын синдромымен, яғни артритпен, процеске сегізкөз-мықын байламы, энтезопатиялармен, табанасты бурситпен, көз, зәр шығару жүйесінің (ЗШЖ) зақымдалуыменен, айқын лабораторлы белсенділігімен сипатталынды. Аурудың формасына байланысты буын синдромының айқын айырмашылығы болған жоқ, ал РеА энтероколиттік формасында лабораторлы белсендік айқын байқалды. Қорытынды. РеА кезінде негізінен полиартриті – 47,7%, сакроилеиті - 26,8%, энтезопатиялары 17,9% бар науқастар басым көбірек кездесті. Аурудың формасына байланысты буындық және буыннан тыс көріністер РеА урогенитальді түрінде басым болды.
М.Ғ. Ногаева С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан
1. Бурмак Ю. и др. Реактивный артрит. Клинико-диагностические критерии и тактические подходы врача общей практики // Бібліотека сімейного лікаря та сімейноі медсестри. - 2009. - № 5. - С. 40 – 43. 2. Загреба Р. П., Моченева Т. Л., Кицкало Ю. Я., Ла-зарева М. В. 20-летний опыт ведения пациентов с реак-тивным артритом // Укр. ревматол. журн. - 2004. - № 15 (1). - С. 22-24. 3. Спаська Г.О. Реактивный артрит: сучасний погляд на проблему // Укр. мед. часопис. – 2011. - № 6 (86). 4. Жеребкин В.В. Реактивные артриты // Болезни и антибиотики. – 2012. - № 1 (6). – С. 14 – 17. 5. Обраменко И.Е. Методика магнитно-резонансного исследования у пациентов с реактивным артритом // Радиология – Практика. – 2013. - № 4. – С. 59-62.
Көрген адамдардың саны: 1440

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Ногаева М.Г. Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова, г. Алматы Кафедра амбулаторно-поликлиничеcкой терапии. // Наука и Здравоохранение 2014.№ 2. С.48-51 Nogaeva M.G. CLINICAL FEATURES OF ARTICULAR SYNDROME IN PATIENTS WITH REACTIVE ARTHRITIS // Nauka i Zdravookhranenie. 2014.№ 2. С. 48-51 Ногаева М.Ғ. РЕАКТИВТІ АРТРИТІ БАР НАУҚАСТАРДА БУЫН СИНДРОМЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ // Ғылым және Денсаулық сақтау 2014.№ 2. С. 48-51

Авторизируйтесь для отправки комментариев