Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
Кіріспе. Студенттердің білімін бағалау – бұл білім алушының оқудың соңғы нәтижелеріне жетудегі және білім беру бағдарламасының құзыреттіліктерін меңгерудегі табыс дәрежесін талдау үшін ақпарат жинау процесі. Оқыту нәтижелеріне қол жеткізу - құзыреттілік, оқу және бағалау арасындағы тұрақты байланыспен қамтамасыз етіледі. «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да (СМУ) Мектептермен сессиясының нәтижелерін талдау Академиялық адалдық лигасының жалпы қағидаттары негізінде білімалушылардың оқу нәтижелерін бағалау критерийлері бойынша жүргізіледі, оған сәйкес бағаларды бөлу қисықтары, қалыпты таралу диаграммалары, стандартты ауытқу көрсеткіші бойынша деректер, медиана, орташа мән және сенімділік интервалы анықталды. Зерттеу мақсаты. 2022-2023 жылдарға арналған Қоғамдық денсаулық, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің «Стоматология» білім беру бағдарламасының (ББ) 1-5 курс бакалаврларының пәннің қорытынды бағалау нәтижелерін талдау. Материалдар мен әдістер. 2022-2023 жылдарға арналған «Стоматология» ББ жазғы емтихан сессиясында 493 студенттің пәннің қорытынды бағасы (ПҚБ) талданды. Білім берудің барлық деңгейлерінде ПҚБ=ФБ*0,6+СБ*0,4 формуласы арқылы есептелді. Статистикалық мәліметтерді өңдеу SPSS қолданбалы пакетінің 20 нұсқасында жүзеге асырылды. Сандық деректерді талдау кезінде визуалды бағалау және Колмогоров-Смирнов критерийін қолдану арқылы үлгідегі сипаттаманың таралуының дұрыстығына тексеру жүргізілді. Егер сипаттаманың таралуы қалыпты болса, орташа мән 95% сенімділік интервалының (95% CИ) немесе стандартты ауытқудың (SD) сипаттамасымен арифметикалық орта - M (орташа) ретінде көрсетілді. 2021-2022 және 2022-2023 жылдардағы жазғы емтихан сессиясының орташа мәндерін салыстыру үшін Стьюденттің t-тесті қолданылды. Нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін р=0,05 статистикалық маңыздылық деңгейі қабылданды. Нәтижелері. Студенттердің ПҚБ талдау нәтижелері бойынша 1 курста «Шетел тілі», «Жасуша алмасуы», «Тұқым қуалаушылық және тіндер», 2 курста «Морфология және физиология», «Стоматология негіздері», «Философия», 3 курста «Тістің қатты тіндерінің патологиясы», «Профилактикалық стоматология» және «Хирургиялық аурулар», 4 курста «Гнатология» және «Стоматологиядағы жедел және шұғыл көмек», 5 курста «Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары», «Клиникалық ортодонтия», «Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру» пәндерінен бағалардың қалыпты таралуы байқалды. 2021-2022 жж. және 2022-2023 оқу жылдарындағы «Стоматология» ББ үшін ПҚБ орташа мәндерінің салыстырмалы талдауының нәтижелері бойынша 2022-2023 оқу жылында 1, 2, 4 курстар бойынша 2021-2022 жылдармен салыстырғанда ПҚБ орташа мәнінің статистикалық маңызды өсуі байқалғаны анықтады (p=0,0001). 3-ші және 5-ші курстарда өткен оқу жылымен салыстырғанда ПҚБ орташа мәнінің аздап төмендеуі байқалады, бірақ бұл төмендеу статистикалық мәнді емес (3 курс, p=0,289; 5 курс, p=0,133). Қортынды. Білім беру үдерісін тереңдетілген статистикалық талдау сәйкессіздіктерді жою бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Медициналық жоғары оқу орнында оқытудың тиімділігін арттыру және оқудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқа пәндер бойынша оқыту және бағалау әдістерін жетілдіру ұсынылады.
Алтай A. Дюсупов1, https://orcid.org/ 0000-0003-0875-1020 Жанаргуль К. Смаилова1, http://orcid.org/0000-0002-4513-4614 Ынкар О. Кайрханова1, https://orcid.org/0000-0001-9533-1723 Салтанат Е. Узбекова1, http://orcid.org/0000–0002–3673–1169 Фарида С. Рахимжанова1, https://orcid.org/0000-0003-1711-2167 Меруерт М. Малик1, https://orcid.org/0000-0003-2332-967X Дархан Е. Узбеков2, http://orcid.org/0000-0003-4399-460Х Шынар Н. Темиршенова1, https://orcid.org/0009-0004-9796-2704 Гулнур А. Жумаева1, https://orcid.org/0000-0001-8113-6396 Данара А. Мұратбекова1, https://orcid.org/0009-0006-1433-402X 1 «Семей медицинский университеті» КЕАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 «Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
1. Adeniyi O.S., Ogli S.A., Ojabo C.O., Musa D.I. The impact of various assessment parameters on medical students’ performance in first professional examination in physiology // Niger Med J. 2013. 54:302-5. 2. Costello E., Corcoran M., Barnett J. et al. Information and communication technology to facilitate learning for students in the health professions: current uses, gaps and future directions // Online learning: Official Journal of the Online Learning Consortium. 2014. 18(4):1–18. 3. Kaddam L., Elnimeiri M.K.M. Students’ perceptions about the impact of continuous assessment in learning physiology in Sudanese faculty of medicine and health sciences // Int J Educ Res Dev. 2013. 2:228-32. 4. MIT Procedures for Dealing with Academic Misconduct and Dishonesty. https://policies.mit.edu/policies-procedures (Accessed 28 February 2019). 5. Nagandla K., Gupta E.D., Motilal T., Teng C.L., Gangadaran S. Performance of medical students in final professional examination: Can in-course continuous assessments predict students at risk? // Natl Med J India. 2018 Sep-Oct. 31(5):293-295. 6. O’kwu E.I., Orum C.C. Effect of continuous assessment scores on the final examination scores obtained by students at the Junior Secondary School (JSS) level in mathematics // EducRes. 2012. 3:706-9. 7. Richard E. Hawkins, Catherine M. Welcher, Eric S. Holmboe, Lynne M. Kirk, John J. Norcini, Kenneth B. Simons, Susan E. Skochelak. Implementation of Competency-Based Medical Education: Are We Addressing the Concerns and Challenges? // Med Educ. 2015 Nov. 49(11):1086-102. doi: 10.1111/medu.12831. 8. Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area https://enqa.eu/wp-content/uploads/2015/11/ESG_2015.pdf (Accessed 27 February 2019). 9. Statutes and Ordinances of the University of Cambridge https://www.admin.cam.ac.uk/univ/so/2018/chapter02-section19.html (Accessed 28 February 2019). 10. Tukmos: Expedition council in medicine creation of training standards and definition systems. 04.06.2013’den itibaren geçerlidir // Tukmos, göğüs hastaliklari çekirdek müfredati, v.2.0 11. Yahya S.A., Yamin S.B. Differences and similarity of continuous assessment in Malaysian and Nigerian universities //J Edu Pract. 2014. 2:73-82.
Көрген адамдардың саны: 27

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.A., Смаилова Ж.К., Кайрханова Ы.О., Узбекова С.Е., Рахимжанова Ф.С., Малик М.М., Узбеков Д.Е., Темиршенова Ш.Н., Жумаева Г.А., Мұратбекова Д.А. 2022-2023 оқу жылындағы қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің білім алушыларының пәндерін қорытынды бағалауды талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 237--246. DOI 10.34689/SH.2024.26.1.028

Авторизируйтесь для отправки комментариев