Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ КЕЗІНДЕГІ КЕУДЕ ҚУЫСЫНДАҒЫ АҒЗАЛАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ
Жедел панкреатит кезіндегі өкпеплевралық өзгерістер жиі аурудың ерте кезеңдерінде пайда болып және рентгендік симптом кешендерімен, өкпе суретінің күшеюімен, тыныс кезіндегі диафрагманың қалуымен, дисктәрізді ателектазбен, плевралық түсумен көрінеді. Плевраөкпелік өзгерістердің кеш көрінуі: пневмония, өкпедегі ұсақ абсцестердін түзілуі, өкпе ісінуі, өкпелік тыныс жетіспеушілігі сияқты болжам бойынша адам өміріне аса қауіпті ауыр асқынуларға әкеледі. Плевра-өкпелік өзгерістер дәлелді медицина тұрғысынан бастапқы ерте жедел панкреатит көріністері сияқты бағаланып, дұрыс диагноз қою мен адекватты патогенетикалық ем жүргізуде маңызы зор. Басынан «паротит және басқа» вирусты инфекциялық ауруларды өткізген науқастарда жедел панкреатиттің симптомсыз формалары кездесетіндігін хирург дәрігерлердің есте сақтағаны дұрыс!
М.М. Гладинец, К.Т. Кажыкенов, Д.И. Толстых, М.В. Шавенкова, Е.А. Четыркина, Ж.А. Аскарова, А. Амантай, А.Е. Алимбаева, И.Б. Амержанова Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, Хирургия және травматология кафедрасы, Семей қ., Кенестік-диагностикалық орталығы, 411 т Жалпы медицина факультетінің студенттері
1. Филимонов М.И., Бурневич С.З. Острый панкреатит, Хирург.болезни под редакцией В.С.Савельев и соавторы, 2008, Т.1. Москва с.202-203. 2. Савельев В.С.,Кириенко А.И. Хирург.болезни, Т.1, 2008,Москва, с.202-221. 3. Нурмаков А.Ж.,Нурмаков Д.А., Хирург.болезни, 2009 г.Алматы, с.109-136. 4. Кузин М.И.,Шкроб О.С., Чистова М.А.Хирургические болезни, 1987, Москва, с. 634-642. 6. Gliedman M.L., Boloki H., Rosen R.G. – CurrProbl. Surg.,1970, August. p.1-52 7. Mc. Willams H, Gross R. – Am. Surg., 1974, V, 40. h. 448. 8. Talvik R., Litgant A, Siisak H.M, et al. – int Care Med., 1977, V.3, p. 97.
Көрген адамдардың саны: 456

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер


Авторизируйтесь для отправки комментариев