Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕГІ ТАБАННЫҢ ІРІҢДІ-НЕКРОТИКАЛЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ
Соңында айта кету керек, іріңді-некротикалық зақымдалулары және аяқтың гангренасы бар науқастарға қантамырдың ультрадыбысты доплерографиясы мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау зерттеулері жүргізіледі. Емі кешенді түрде инсулин тағайындаудан басталу керек, сонымен қатар микроциркуляцияны жақсартатын және зат алмасуды қалпына келтіретін дәрілік заттар беріледі. Операциялық емі мүше сақтайтын операцияларға бағыт-талады: аяқ бақайларының гангренасында экзартикуляция,остеомиелит және артрит дамығанда «кіші» операциялар жасалды. Табанға трансметатарзальді ампутация, табан сүйегі зақымдалғанда сирақ деңгейіндегі ампутацияда өлім болған жоқ. Қант диабетінің ауыр формасы кезінде ылғалды гангренасы бар 26 науқасқа санның жоғарғы ампутациясы жасалды. Бұл категориядағы науқастарда өлім деңгейі 6% құрады, оның себебі - тромбоэмболия, жүрек-қантамыр патологиясы, сепсис, басқа да көп мүшелер қызметінің жетіспеушілігі. Берілген әдебиеттер мен біздің деректер сараптамасы бойынша қант диабеті табанда болғанда «кіші» ампутациялар қолайлығы мүше сақтайтын операциялар жасауға көрсеткіштерді дұрыс таңдаумен тікелей байланысты.
Т.А. Адылханов, Қ.Т. Қажыкенов Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті Семей қ. Кеңестік диагностикалық орталығы
1. Савельев В.С., Кириенко А.И. Хирургические бо-лезни, острая артериальная непроходимость. 2008. С. 180-195. 2. Григорян А.В., Огаян С.С. Гнойные заболевания и гангрена нижних конечностей при сахарном диабете. – Ереван 1989. – С. 58-83. 3. Ефимов А.С. с соавт. Сахарный диабет. Киев, 1983. – С. 37-42. 4. Комахидзе М.Э. и другие, Лечение хирургических заболеваний у лиц с сахарным диабетом, Тбилиси, 1975. – С. 79-92. 5. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические бо-лезни. Астана, 2009. - С. 337-350. 6. Соколовский В.Д. Лечение хирургических болезней у лиц, страдающих сахарным диабетом, - Москва, Москва, 1978. - С. 49-54. 7. Мышкин К.И., и др., Хирургический сепсис: Клини-ка, лечение. – Москва, 1982. - С. 240-242. 8. Scheibe O., intern. Prax., 1969 Bd.3., S. 481-490. 9. Popp W., Zbl. chiz., 1985. - Bd.5., S.150-153.
Көрген адамдардың саны: 173

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:


Авторизируйтесь для отправки комментариев