Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Фильтр
Автор(ы):
  
ШҚО Үржар ауданы бойынша 2011 жылы сібір жарасы ауруының тіркелуі: заңшылдықтың дамуы
Берілген құжаттар ШҚО Үржар ауданы 2011 жылы сібір жарасы диагнозымен тіркелген жағдай бойынша, науқастан және сыртқы ортадан зертханаға алынған сынамалардың нәтижелері мен сібір жарасы індетінің эпидемиологиялық сипаттамасы берілген. Адамадар арасындағы сібір жарасы аурушандығының себептері қарастырылған.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 121-123

КЛИНИЧЕСКИЕ ПРОЯВЛЕНИЯ ХЛАМИДИЙНОЙ ИНФЕКЦИИ У ЖЕНЩИН
Хламидиоз – жыныстық жолмен таралатын жұқпалардың ең таралған дерт. Әлемде жыл сайын 90 млн. адам хламидиоз ауруына шалдығады. Жыныс жолдардың төменгі бөліктерінің барлық қынап қабыну жұқпалары оның үлесінің ½ келеді. Хламидиялық жұқпа процесінің клиникалық бейнесі жасырын ағыммен және белгілерінің аз болуымен сипатталады. Бірегей циклі дамуының және жасуша ішіндегі паразитизм салдарынан хламидиоз созылмалы түрге көшіп, бедеулік сияқты асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 58-59

ЛАБОРАТОРНАЯ ДИАГНОСТИКА ХЛАМИДИЙНОЙ ИНФЕКЦИИ
Автор (лар): Аукенов Н.Е.
Автором был улучшен микроскопический метод диагностики урогенитального хламидиоза, путем добавления 2% ДМСО, позволивший увеличить чувствительность метода до 30%.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 57-58

ЖЫНЫСТЫҚ ҰШЫҚТЫҢ ЕМІНДЕ РОНКОЛЕЙКИНДІ ҚОЛДАНУ
Автор (лар): Маусунбаев К.С.
Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында жыныстық аймақтағы ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мақалада иммуностимулятор Ронколейкинді жыныстық ұшықта қолдану тәжірибесінің нәтижелері көрсетілген.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 55-57

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Елбасымыздың «Қазақстан -2050» Жолдауында және «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – тұрғындардың денсаулығын қорғау саласындағы саясатты анықтау және жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін әлеуметтік саланың дамуы, денсаулық сақтау ұйымдарының халыққа медициналық қызмет түрлерін көрсету жүйесі, мемлекеттік қаржыландыру есебінен тегін медициналық көмек аумағын кеңейту, тұрғындар үшін көрсетілетін қызмет түрлерінің неғұрлым қол жетімді болуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына әлемдік озық инновациялық тәжірибелерді енгізу, медицина қызметкерлерінің бі...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 59-69

Femto LASIK и ReLEx SMILE ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУМЕН РЕФРАКЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН ЛАЗЕРЛІК ТҮЗЕТУДІҢ АСҚЫНУЛАРЫНЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖИІЛІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Рефракция бұзылыстарын лазерлік түзету миопия мен астигматизмді емдеудегі ең тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Femto LASIK және ReLEx SMILE заманауи технологиялар белсенді қолданылады. Олардың қауіпсіздігін салыстыру клиникалық практикада емдеу әдісін таңдау үшін өзекті болып табылады.

Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 49-58

КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ЖАҢА ПСИХОБЕЛСЕҢДІ ЗАТТАРДЫҢ ӨТКІР ӘСЕРЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Жаңа психобелсенді заттар (ЖПЗ) әлемдік аренада 2000 жылдардың ортасында пайда болған жаңа есірткі қауіп-қатерін көрсетеді. Көптеген әдеби деректер жаңа психобелсенді заттардың осы классының зияндылығын дәлелдейді
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 131-152

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ КЕЗІНДЕ ГЕНДЕР ПОЛИМОРФИЗМДЕРІ: РЕНИН – АНГИОТЕНЗИН – АЛЬДОСТЕРОН ЖҮЙЕСІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Артериялық гипертензия дамуына жауапты гендер полиморфизмдерін зерттеу медицинаның көп үміт күтерлік бағытына жатады. Артериялық гипертензия өмір сүру салтына, қоршаған ортаға және тамақтануға, сонымен қатар гендер полиморфизміне тәуелді мультифакторлы ауру. Ренин–ангиотензин–альдостерон жүйесінің гендер полиморфизмдері артериялық гипертензия патогенезінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 116-130

ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ТҮЙІНДІ ТҮЗІЛІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Осы мақалада эндокриндік аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін ауруларының бірі қалқанша бездегі (ҚБ) түйінді түзілістер туралы әдебиеттерге шолу көрсетілген. Пальпацияланатын түйіндер жиілігі әйелдерде 5% және ерлерде 1% жиілікте кездеседі, сонымен қатар оларды 70% жағдайда кездейсоқ таңдалған адамдардан, оның ішінде жоғары жиіліктегі УДЗ арқылы әйелдерде және қарт адамдарда анықтаймыз. Бүгінгі таңда осы аймақта көптеген зерттеулер жүргізілген.
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 101-115