Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ
Кіріспе: Семей Медициналық университеті, Кочи университеті, Хиросима Университеті және Хиросима халықаралық университеті жаһандану процесінде болғандықтан, олар да халықаралық алмасуларға белсенді қатысады. Мақсаты: халықаралық академиялық ұтқырлықты жүйелеу және шетелде оқытуды қолдау бойынша жаңа бағыттарды сипаттау. Материалдар мен әдістер: бұл зерттеу (А) PhD докторанттардың зерттеулерін жеңілдету жолдарын, сонымен қатар Семей медициналық университетінде және әртүрлі жапондық оқу орындарында (мысалы, Кочи университеті, Хиросима Университеті және Хиросима халықаралық университеті) оқуға қабылдау жүйесін құру бойынша жаңа бағыттарды сипаттайды; және (Б) одан әрі Семей Медицина университетінің PhD докторанттарының зерттеулеріне жәрдемдесудің жаңа перспективалары талқыланады. Нәтижелері: (а) айына бір рет Семей Медицина университетінің психиатрия және наркология кафедрасының қызметкерлері және Кочи университетінің, медициналық қызмет көрсету орталығының, медицина ғылымдары кластерінің, ғылыми-білім беру факультетінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің онлайн-кездесулері өтеді. Кездесулер мақсаты Семей Медицина университетінің психиатрия және наркология кафедрасының PhD докторанттарының зерттеулерлері бойынша кеңестер мен ұсыныстарды беру. Қосымша онлайн кездесулер қажет болған жағдайда айына бірнеше рет өткізіледі және талқылаулар жылына бірнеше рет бетпе-бет кездесулерде өтеді. Сондай-ақ зерттеулерді жүргізу бойынша ұсыныстарды электрондық пошта арқылы жібереміз. Біз Семей Медицина университетінің PhD докторанттарын Кочи университетімен, Хиросима университетімен, Хиросима халықаралық университетімен және басқа мекемелермен бірлесіп Жапонияға оқуға (тағылымдамадан өтуге) қабылдадық, сонымен қатар Жапонияда PhD докторанттардың оқуын қолдаймыз. Қорытынды: біз PhD докторанттарға (B) ғылыми дәрежесін алуда жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Біз сондай-ақ академиялық ортада және шетелде оқуда халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырамыз.
Көрген адамдардың саны: 1489

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Иноуэ K., Аккузинова K., Толеуов E., Молдагалиев T., Носо Й., Такейчи Н., Фуджимото Н., Хоши M., Оспанова Н., Сексенбаев Н. Халықаралық академиялық ұтқырлықты және шетелден студенттерді қабылдауды жүйелеу: Семей мен Жапонияда (Кочи және Хиросима) одан әрі бірлескен жұмыстарды орнатуға ұмтылу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 231-236. doi 10.34689/SH.2024.26.1.027

Авторизируйтесь для отправки комментариев