Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
Кіріспе. Студенттердің білімін бағалау – бұл білім алушының оқудың соңғы нәтижелеріне жетудегі және білім беру бағдарламасының құзыреттіліктерін меңгерудегі табыс дәрежесін талдау үшін ақпарат жинау процесі. Оқыту нәтижелеріне қол жеткізу - құзыреттілік, оқу және бағалау арасындағы тұрақты байланыспен қамтамасыз етіледі. «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да (СМУ) Мектептермен сессиясының нәтижелерін талдау Академиялық адалдық лигасының жалпы қағидаттары негізінде білімалушылардың оқу нәтижелерін бағалау критерийлері бойынша жүргізіледі, оған сәйкес бағаларды бөлу қисықтары, қалыпты таралу диаграммалары, стандартты ауытқу көрсеткіші бойынша деректер, медиана, орташа мән және сенімділік интервалы анықталды. Зерттеу мақсаты. 2022-2023 жылдарға арналған Қоғамдық денсаулық, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің «Стоматология» білім беру бағдарламасының (ББ) 1-5 курс бакалаврларының пәннің қорытынды бағалау нәтижелерін талдау. Материалдар мен әдістер. 2022-2023 жылдарға арналған «Стоматология» ББ жазғы емтихан сессиясында 493 студенттің пәннің қорытынды бағасы (ПҚБ) талданды. Білім берудің барлық деңгейлерінде ПҚБ=ФБ*0,6+СБ*0,4 формуласы арқылы есептелді. Статистикалық мәліметтерді өңдеу SPSS қолданбалы пакетінің 20 нұсқасында жүзеге асырылды. Сандық деректерді талдау кезінде визуалды бағалау және Колмогоров-Смирнов критерийін қолдану арқылы үлгідегі сипаттаманың таралуының дұрыстығына тексеру жүргізілді. Егер сипаттаманың таралуы қалыпты болса, орташа мән 95% сенімділік интервалының (95% CИ) немесе стандартты ауытқудың (SD) сипаттамасымен арифметикалық орта - M (орташа) ретінде көрсетілді. 2021-2022 және 2022-2023 жылдардағы жазғы емтихан сессиясының орташа мәндерін салыстыру үшін Стьюденттің t-тесті қолданылды. Нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін р=0,05 статистикалық маңыздылық деңгейі қабылданды. Нәтижелері. Студенттердің ПҚБ талдау нәтижелері бойынша 1 курста «Шетел тілі», «Жасуша алмасуы», «Тұқым қуалаушылық және тіндер», 2 курста «Морфология және физиология», «Стоматология негіздері», «Философия», 3 курста «Тістің қатты тіндерінің патологиясы», «Профилактикалық стоматология» және «Хирургиялық аурулар», 4 курста «Гнатология» және «Стоматологиядағы жедел және шұғыл көмек», 5 курста «Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары», «Клиникалық ортодонтия», «Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру» пәндерінен бағалардың қалыпты таралуы байқалды. 2021-2022 жж. және 2022-2023 оқу жылдарындағы «Стоматология» ББ үшін ПҚБ орташа мәндерінің салыстырмалы талдауының нәтижелері бойынша 2022-2023 оқу жылында 1, 2, 4 курстар бойынша 2021-2022 жылдармен салыстырғанда ПҚБ орташа мәнінің статистикалық маңызды өсуі байқалғаны анықтады (p=0,0001). 3-ші және 5-ші курстарда өткен оқу жылымен салыстырғанда ПҚБ орташа мәнінің аздап төмендеуі байқалады, бірақ бұл төмендеу статистикалық мәнді емес (3 курс, p=0,289; 5 курс, p=0,133). Қортынды. Білім беру үдерісін тереңдетілген статистикалық талдау сәйкессіздіктерді жою бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Медициналық жоғары оқу орнында оқытудың тиімділігін арттыру және оқудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқа пәндер бойынша оқыту және бағалау әдістерін жетілдіру ұсынылады.
Көрген адамдардың саны: 271

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.A., Смаилова Ж.К., Кайрханова Ы.О., Узбекова С.Е., Рахимжанова Ф.С., Малик М.М., Узбеков Д.Е., Темиршенова Ш.Н., Жумаева Г.А., Мұратбекова Д.А. 2022-2023 оқу жылындағы қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің білім алушыларының пәндерін қорытынды бағалауды талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 237--246. DOI 10.34689/SH.2024.26.1.028

Авторизируйтесь для отправки комментариев