«ШАҒЫН ДОЗАДАҒЫ» ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕРIН БАҒАЛАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе. Мақалада «шағын дозадағы» иондаушы сәулеленудің әсері туралы әдебиеттік ақпараттары келтірілген. Қазіргі заманғы ғылыми жарияланымдардың талдау негізінде осы мәселе аяғына дейін анықталмағаны анық.
Мақсаты: тірі организмге және қоршаған ортаға «шағын дозадағы» иондаушы сәулеленудің әсері туралы ғылыми ақпараттарды сараптау.
Материалдар мен әдістер: қойылған мақсатқа жету үшін іздестіру келесі деркқорларында жүргізілді: PubMed, Elsevier, ResearchGate, Cyberleninka және Руспубликалық ғылыми-техникалық кітапханасында. Таңдау келесі түйінді сөздер негізінде жүргізілген: эксперименттік зерттеу, иондаушы сәулелену, шағын доза. Әдеби шолу кезінде баяндамалар тұжырымдары, газет мақалалары мен жеке іс ақпараттар қарастырылмаған. Зерттеу барысында 1689 әдебиет көзі, оның 63-і талдамалық мақаланың материалы ретінде таңдап алынды.
Нәтиже. Қазіргі уақытта, «шағын дозада» иондаушы сәуле әсерін бағалауда үш қарама қарсы көз қарас бар. Бір зерттеушілер «шағын дозадағы» иондаушы сәулеленудің әсері қауіпті десе, екіншілері ешқандай әсері жоқ десе, үшіншілері оң әсерінің бар болуы, яғни гормезис туралы айтады.
Қорытынды. Ғылыми әдебиеттердің көптігіне қарамастан, бұл мәселе аяғына дейін анықталмаған және осы бағытта одан әрі зерттеулерді талап етеді.