Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖЕДЕЛ ОРХОЭПИДИДИМИТ: ЭТИОЛОГИЯ, ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМІНІҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Автор (лар): Аккалиев М.Н.

Кіріспе. Урологиялық бағытта ұма ағзалары жедел қабыну ауруларының арасындағы кең таралғаны және барлық урологиялық науқастардың 4–5%-да госпитализацияға көрсеткіш болып табылады. Жедел орхоэпидидимиттің уақытылы емес және дұрыс емес емі ағзалардың іріңдеуіне әкеліп, репродуктивті мүшені жоғалту және процесстің созылмалы өтуіне әкеледі.

Зерттеу мақсаты: Казақстанда, алыс және жақын Шет елдерде жедел орхоэпидидимиттің ауру сипатының әдеби талдауы, этиологиялық аспектілері, диагностикасы және емдеу әдістері қарастырылған.

Зерттеу әдістері мен материалдары: Қойылған мақсатқа жету үшін дәлелді медицина тұрғысынан ғылыми публикациялар іздестіру жүргізілді. (PubMed, Cochrane Library, Research Gate). Еркектердің жыныс жүйесіндегі қабыну аурулары медицинаның динамикалық зерттеу саласы, сондықтан соңғы 15 жылдағы зерттеулрді қарастыру негізделген. Жедел орхоэпидидимит бойынша көрсетілген базалардан жалпы 112 публикация табылған, олардың ішінен біздің зерттеудің мақсатына 55 публикация сай келеді. Іздестіру алдында біз келесі іздестіру фильтрларын енгіздік: ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған, соңғы 15 жылдағы орындалған ғылыми зерттеулер және толық нұсқадағы мақалалар. Жоғары методологиялық сападағы талдауларға, жүйелі шолуларға, рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерге және когортты зерттеулерге артықшылық беріледі, олар болмаған жағдайда бақыланатын жағдай зерттеулерінің және көлденең зерттеулердің нәтижесінің публикациялары ескеріледі. Мақалалардың ерекшеліктерінің қажетсіз критерийлері: жеке түйіндеме, газетті мақалалар, жеке хаттар.

Талдау және нәтиже: Жедел орхоэпидидимит полиэтиологиялы ауру болып табылады. Орхит пен эпидидимит кезіндегі бактериальді инфекцияның маңызы туралы мәліметтердің сипаты қарама-қайшы. Қазіргі заманда физикалдьді зерттеулер мен қатар маңызды диагностикалық әдіс болып түрлі түсті доплерографиялық картирленген ультрадыбысты зерттеу болып табылады. Бірақ, УДЗ әдісінің жоғары мәліметтілігіне қарамастан, ол қабыну процессінің дәрежесін анықтауға толық мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта жалпы қабылдау күні – консервативті-күту тактикасы болып табылады. Урологтардың Европалық ассоциациясы жедел орхоэпидидимиттің емінде таңдау антибиотигі ретінде фторхинолондарды ұсынады.

Қорытынды: Қазіргі күні жедел эпидидимоорхиттің диагностикасында оңтайлы жоспар қалыптаспаған.  Осы сұрақпен айналысатын мамандардың арасында бұл патологияны емдеу әдісі (консервативті немесе оперативті) туралы біржақты көзқарас қалыптаспаған.  Сондықтан жедел эпидидимоорхитпен науқастарды зерттеудің және емдеудің оңтайлы бағдарламасын құру заманауи урологияның актуальді тақырыбы болып табылады және кейінгі зерттеулерді қажет етеді.

Көрген адамдардың саны: 7886


Мақалалар санаты: Әдебиеттерді шолу

Библиографиялық сілтемелер

Аккалиев М.Н. Жедел орхоэпидидимит: этиология, диагностика және емінің заманауи аспектілері. Әдебиетке шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. № 2. Б. 159-175.

Авторизируйтесь для отправки комментариев