ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЫ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған сипаттағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және дәрігерлік іс-шаралар кешеніне негізделген қант диабетінің ерте диагностикасына, асқынудың дамының алдын алуына және емделушілердің өмір сапасының жақсаруына бағытталған дәрігерлік-әлеуметтік саясат белсенді жүргізілуде. Қазақстан Републикасы Үкіметінің Заңдарын, қаулыларын, министрліктер мен мекемелердің бұйрықтарын қамтитын заң және нормативтік негіз құрылды және жүзеге асырылуда.
Әдебиеттерді шолудың мақсаты Қазақстандық және кейбір шетел мемлекеттеріндегі қант диабетімен ауыратын тұлғаларға қолдауды реттейдін құжаттар мазмұнының сараптамасын зерттеу болды.
Ізденіс стратегиясы. Зерттеуде нормативтік – құқықтық құжаттар, осы категория тұлғаларының қант диабетін диагностикалау және емдеу хатамалары зерттелді.Әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйелері пайдаланылды: Әділет, Pubmed, Google, Google Scholar. Ізденіс тереңдігі 2012-2017 жылдар аралығындағы 5 жылды құрады. Қант диабетімен ауыратындарға эндокринологиялық көмек көрсетудің заңнамалық – құқықтық реттелуі және ұйымдастырылуы тақырыбы бойынша 198 басылым табылды. Одардың 58 біздің зерттеуіміздің мақсатына сай келді. Оған қоса,сараптама үшін орыс және ағылшын тілдерінде толық мәтінді басылымдар енгізілген болатын, олар Қазақстан мен шетелдегі қант диабетімен ауыратын тұлғаларға эндокринологиялық көмек көрсетудің ұйымдастырылуын зерттеуге арналған.
Нәтижелер. Қант диабетінің асқынуына қарсы тұру, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын тұлғаларға білікті көмек көрсету бойынша негізгі іс-шаралар осы салада халықаралық ұсыныстармен үйлестірілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілер қатарымен реттеледі. Іс-шаралар жүйесі қиын ведомствоаралық механизмді құрайды, оның барабарлығы заңды-құқықтық негіздің жеткіліксіз зерттелуі салдарынан белгісіз болып келеді. Бұл бағыт негізгі ойы алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек шарттарында диабетологиялық көмек көрсетуді ерте анықтау, асқынудың алдын алу және негізделмеген госпитализацияға қайта бағдарлау болып табылатын 25.11.2016ж. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2017 жылға эндокринология қызметін жетілдіру бойынша жол картасына сәйкес ерекше қызметті білдіреді.
Қорытындылар. Эндокринологиялық көмек көрсету жүйесінің ұйымдастырылған түрлендірулер диагностика және емдеу, жүйелі мониторинг, жергілікті және республикалық деңгейде қант диабетімен ауыратын тұлғалардың ақпараттандырылуының арттыруында жаңа басқару шешімдерін іздестіруді талап етеді.