Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШАЛА ТУҒАН АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

Кіріспе: Қазақстан Республикасының негізгі басымдықтарының бірі ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Шала туылған нәрестелердің өмір сүру сапасы  мен дамуы жайлы білу ана мен бала денсаулығын қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Мақсаты: Мерзімінен бұрын дүниеге келген әр түрлі жастағы адамдардың өмір сүру сапасы жөніндегі зерттеулерді жүйелі шолу.

Әдістері: Біз Web of Science, PubMed, Medline, EBSCOhost деректер базасында іздеу жүргіздік, сонымен қатар қосымша Google Scholar ақпарат ресурсы да қаралды. Қайталанатын жарияланымдар зерттеуден алынып тасталды. Іздеу тереңдігі 15 жыл.

Нәтижелері: кілт сөздер бойынша барлығы 1412 мақала анықталды. Бастапқы талдаудан кейін 1346  мақала қабылданбады. Қорытынды талдау үшін 9 мақала таңдалды.

Қорытынды: Шала туған мектеп жасына дейінгі адамдардың өмір сүру сапасы, мерзімінде туылған нәрестелерден төмен. Алайда, бұл көрсеткіштер кәмелет жасқа толғаннан кейін және ересек жаста теңестіріледі. Мерзімінен бұрын және сәйкес дүниеге келген адамдардың өмір сүру сапасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Көрген адамдардың саны: 3675


Мақалалар санаты: Әдебиеттерді шолу

Библиографиялық сілтемелер

Шалтынов А.Т., Кокенова М.Б., Джамединова У.С., Мейрманов С.К., Мысаев А.О. Шала туған адамдардың өмір сүру сапасы: жүйелі шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. № 4. Б. 113-123.

Комментарии

0
admin
test
Имя Цитировать Скрыть Удалить 0
Авторизируйтесь для отправки комментариев