Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯНЫ ЕМДЕУДІҢ ДАМУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІНЕ, ҚАУІПТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
Автор (лар): Мильчаков К.С.

Кіріспе: Бүйректің созылмалы ауруы (БСА) қан айналымы жүйелері аурулары және жүрек –тамыр асқынулары дамуы қаупінің тәуелсіз факторы болып табылады. Артериалды гипертония (АГ) симптомдық гипертензияның ең жиі себептері нефрологиялық аурулардың салдары болып табылады.

Мақсаты: бүйректің созылмалы ауруы кезінде артериалды гипертонияны емдеудегі даму принциптері дамуы қаупі бойынша ғылыми ақпаратты жүйелі іздеуді өткізу.

Іздеу стратегиясы. Релевантты ғылыми жарияланымдарды іздеу дәлелді медицина мәліметтері базасында өткізілді (PubMed, Cochrane Library, ResearchGate), сол сияқты арнайы іздестіру жүйелері көмегімен (Google Scholar) және электронды ғылыми кітапханаларда (CyberLeninka,e-library).

Мақалалардың ағылшын, орыс тілдеріндегі, толық мәтіндік нұсқаларында жарияланған адамдарда орындалған зерттеулер енгізу критерилері болды. жоғары әдістемелік сапа зерттеулеріне ерекшелік берілді (мета-талдауларға, жүйелік шолуларға және когортты зерттеулерге), олар болмаған кезде зерттеулерге «жағдай - бақылау» жәнекөлденең зертетулер дизайны жарияланымдар нәтижелері енгізілген болатын [1, 2].

Іздестіру үшін негізгі сөздер мыналар: «бүйректің созылмалы ауруы және артериалды гипертония», «бүйректің созылмалы ауруы және асқынулар», «бүйректің созылмалы ауруы және қорытындылары» «артериалды гипертонияны емдеу және бүйректің созылмалы ауруы», “chronic kidney disease and hypertension”, “chronic kidney disease and complications”, “chronic kidney disease and outcomes”, “hypertension and treatment and chronic kidney disease”.

Барлығы 127 әдеби түпнұсқалар табылды, олардан содан кейінгі талдау үшін 64 мақала таңдалды.

Нәтижелері:табылған ғылыми зерттеулер жүйелі шолулардың, рандомизирленген клиникалық сынақтардың, клиникалық басшылықтардың жеткілікті санының болуымен сипатталады, ол Бүйректің созылмалы ауруы (БСА) кезінде артериалды гипертонияны емдеудегі даму принциптері дамуы қаупіне қатысты негізделген қорытындылар жасауға мүмкіндік береді

Қорытындылар:артериалды гипертония бүйрек қызметінің төмендеуімен бүйректің созылмалы зақымдануының даму қаупі фактолрларының ең маңыздылараның бірі болып табылады. Өз ретінде БСА кез келген этиологиясы АГ дамуына әкеледі, ауырлық дәрежесі терминалды бүйрек жетіспеушілігінің даму қаупімен тура байланысты. Ол АГ емдеудің кешенді әдісінің қажеттілігімен негізделеді. Тек қана уақытылы анықтау патологияның үдеуін адекватты кардио-нефрoпротективті терапия ғана тоқтата алады.

Көрген адамдардың саны: 2620


Мақалалар санаты: Әдебиеттерді шолу

Библиографиялық сілтемелер

Мильчаков К.С. Бүйректің созылмалы ауруы кезіндегі артериалды гипертонияны емдеудің даму механизмдері мен принциптеріне, қауіптілігін бағалаудың заманауи әдістер / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №5. Б. 113-128.


Авторизируйтесь для отправки комментариев