Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БАЛАЛАРДЫҢ ӨКПЕЛІК ГИПЕРТЕНЗИЯМЕН АСҚЫНҒАН ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ. ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдер сырқаттанушылық құрылымында туа біткен жүрек ақаулары (ТЖА) алдыңғы орындардың бірін алады. Жүректің туа біткен ауытқушылықтарын, диагностика және емдеудің әдістері зерттеу ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында басталды. Және осы уақытқа дейін бұл проблема өзекті болып табылады, өйткені әлі күнге дейін ТЖА ерте диагностикалау алгоритмі жоқ. Көптеген ТЖА ең жиі және ауыр асқынуларының бірі - өкпе гипертензиясы болып табылады, оны дер кезінде емдемесе балаларды ерте мүгедектікке және балалар өлім-жітіміне әкеп соғады.

Мақсаты: Өкпелік гипертензиямен асқынған туа біткен жүрек ауруы бар балаларды диагностикалау және емдеу туралы әдеби деректерді зерттеу және талдау.

Іздеу стратегиясы: Pubmed, Medline, Web of Knowledge, Ғылыми электронды кітапханадағы ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау жүргізілді. Іздеудің тереңдігі 1975 жылдан 2016 жылға дейін 41 жыл болды.

Дереккөзді шолуда енгізу критерийлері мыналар болды: үлкен популяцияларда жүргізілген рандомизацияланған және когортты зерттеулер туралы есептер; мета-талдаулар мен жүйелі шолулар, мақалалардың толық нұсқалары, соңғы 5 жылда ТЖА бар балаларды диагностикалау және емдеу туралы хаттамалары зерттелді. Орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер.

Шегеру критерийлері: жалғыз жағдайларды сипаттайтын мақалалар, есептердің түйіндемесі, жеке есептер және газет басылымдары.

Нәтижелері. Осы тақырып бойынша әдебиетті зерттеу көрсеткендей, көптеген ТЖА кеш диагностикалау және уақтылы емдемеу, өкпе гипертензия қиындатылатының көрсетеді. Бұл болжамды және отадан кейінгі емдеуді нашарлатады, балалардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді, мүгедектік мен өлім-жітім қаупін арттырады.

Қорытынды. Балалар кардиологиясында диагностиканы онтайландыру, хирургиялық емдеудің алдында және одан кейінгі өкпе гипертензиясымен күрделенген туа біткен жүрек ақауларын болжау және емдеу ең маңызды міндеттері болып табылады, бұл балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және сәби мен бала өлімін төмендетуі болып табылады.

Көрген адамдардың саны: 3935

Мақалалар санаты: Әдебиеттерді шолу

Библиографиялық сілтемелер

Хагай Е.И., Абильмажинова Г.Д. Өкпе гипертензиясымен асқынған, балалардың туа біткен жүрек ақаулары. Диагностикасы және емі. Әдеби шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №5. Б. 129-144

Авторизируйтесь для отправки комментариев