Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РАДИЯЦИЯЛЫҚ ӘСЕР БОЛҒАН АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТАТУСЫН БАҒАЛАУ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

Кіріспе: Радияциялық әсер болған аймақтарда тұратын адамдарда медико-психологиялық қысымға әкелетін стресстік жағдай туындайды.

Мақсаты: Экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарының психикалық денсаулығына баға беретін ғылыми ақпаратты жүйелі түрде іздеу.

Құралдар мен әдістер. Ғылыми басылымдар дәлелдеу медицинасының базалары (PubMed, CochraneLibrary, TripDatabase, ResearchGate) мен электрондық ғылыми кітапханаларда (CyberLeninka) жүргізілді. Бірінші кезеңде іздеу автоматты түрде, одан кейінгі кезеңде «қолмен» жасалды және соның арқасында көптеген қосымша әдебиет көздері табылды.

Нәтижелер: Радияциялық әсерден зардап шеккен адамдардың психологиялық жағдайларын қарастырған зерттеулердің гетерогенділігі жоғары екені анықталды. Баспаға шыққан зерттеулердің көбі көлденең әдіспен жасалған, сонымен қатар біраз когортты және жүйелі емес зерттеулер табылды. Табылған зерттеулерді шартты түрде радияциялық - экологиялық аймақтарға байланысты бөліп қарастыруға болады.

Қорытынды: Баспалардың көп бөлімі Чернобыль АЭС мен «Фукусима-1» АЭС және соларға жақын аймақ тұрғындарының психологиялық жағдайларын сипаттаған. Семейдегі сынақ ядролық полигонының психикалық және психологиялық әсері туралы басылымдар санаулы, сондықтан радияциялық сәулелену дәрежесін ескере отырып, халықты зерттеуді жалғастыру қажет.

Көрген адамдардың саны: 8282


Мақалалар санаты: Әдебиеттерді шолу

Библиографиялық сілтемелер

Манатова А.М., Семенова Ю.М., Пивина Л.М., Белихина Т.И., Дюсупов А.А, Рахимжанова А. Радияциялық әсер болған аймақ тұрғындарының психологиялық статусын бағалау: жүйелі шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. № 5. Б. 146-158


Авторизируйтесь для отправки комментариев