КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕАКЦИЯСЫ МЕН КҮРЕСУ СТРАТЕГИЯСЫ: КӨЛДЕНЕҢ ОНЛАЙН ЗЕРТТЕУ
тудырады. Алдыңғы қатарлы эпидемияда жұмыс істейтін клиницистерге көп көңіл бөлінсе де, медицина студенттерінің денсаулығына пандемияның тигізер әсері туралы деректер өте шектеулі.
Мақсаты: Бұл зерттеу COVID-19 әлеуметтік шектеулер жағдайында Қазақстан Медицина университетінің студенттері арасындағы белгілі күрес стратегиясымен байланысты эмоционалды реакциялар мен базалық сезімдерді бағалауға бағытталған.
Материалдар мен әдістер: Көлденең сауалнама «Семей медицина университеті» КеАҚ 279 студенті арасында өткізілді. Бағалау құралдарына базалық эмоциялар/сезімдерді өлшеуге арналған визуальды-аналогтық шкалалар, сонымен қатар мазасыздық пен депрессияны бағалаудың Госпитальдық шкаласы кірді. Деректерді салыстыру бір факторлы дисперсиялық талдау және Краскал-Уоллис тестісі арқылы жүргізілді. Covid-19 бойынша карантин жағдайындағы депрессия мен мазасыздыққа байланысты демографиялық сипаттамалар мен копингтерін анықтау үшін мүмкіндік қатынасы (МҚ) есептеу арөқылы логистикалық регрессия қолданылды.
Нәтижесі: Жалпы, респонденттердің 17,6%-ында мазасыздық белгілері болған және 30,0%-ы депрессияны бастан кешкен, 3,6%-ы қорқыныш туралы, 5,7%-ы - ашу туралы, 9,3%-ы-зерігу туралы, және 5,7%-ы - түңілу туралы хабарлады. Депрессия шкаласы бойынша орташа балл бакалавриат студенттері (p=0,019) мен резиденттер арасында айтарлықтай жоғары болды (p=0,035). Бакалавриат бағдарламасының студенттері мен интерндер стрессті жеңу үшін спортпен шұғылданатынын (p=0,020), күнделік жүргізетінін (p=0,029), бейне ойындар (p=0,008) ойнайтындары туралы жиі айтты. Сонымен қатар резидентура, магистратура және докторантурада оқитындар клиникалық қызметке (p=0,006) шому арқылы стрессті көтерген. Мазасыздықты анықтау мүмкіндігі белсенді онлайн блогтар жазумен айналысатын оқушылар арасында 1,56 есе жоғары болды. Керісінше, өздігінен білім алу мазасыздық симптомдарымен кері байланысты көрсетті (МҚ=0,73). Депрессия үшін, жасы (МҚ=0,88), өздігінен білім алуға шоғырлану (МҚ=0,68) және телевизиялық хабарлар мен фильмдерді көру (МҚ=0,76) регрессиялық модельде қорғау факторлары болды. Алкогольді тұтыну кезінде депрессияны дамыту мүмкіндігі 1,65 есе өсті.
Қорытынды: Бұл зерттеу COVID-19 жағдайындағы қазақстандық медицина студенттерінің арасындағы эмоционалды реакциясы мен күресу стратегиясы туралы алғашқы түсінікті дамытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың денсаулығын сақтау үшін алдын-алу әрекеттерін негіздеуге пайдалануға болады.
Көрген адамдардың саны: 330
Мақалалар санаты:
COVID-19 - өзекті тақырып
Библиографиялық сілтемелер
Прилуцкая М.В., Мендуалиева Т.Т., Корацца О. Коронавирустық инфекция пандемиясы кезіндегі медицина студенттер арасындағы эмоционалды реакциясы мен күресу стратегиясы: көлденең онлайн зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 5-14. doi:10.34689/SH.2020.22.4.001Ұқсас жариялымдар:
COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ КЕШЕНДІ ЕМДЕУДЕГІ РЕМДЕСИВИР ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
COVID 19 – XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҢА ИНФЕКЦИЯСЫ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕАКЦИЯСЫ МЕН КҮРЕСУ СТРАТЕГИЯСЫ: КӨЛДЕНЕҢ ОНЛАЙН ЗЕРТТЕУ