ТОНИ БЬЮЗЕНДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК КАРТАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ (МЫСАЛЫ МЕЙІНДІ ҰСЫНУ ҮШІН)
Кіріспе: Медициналық білім беруде оқытудың белсенді түрлерін қолдану болашақ маманды оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұндай әдістердің біріне cased-based learning (СBL) – клиникалық жағдай негізінде оқыту (кейс), теам-based learning (TBL) – топтарда оқыту әдісі жатады. Қолданылатын оқыту әдістері ақпаратты талдау мен өңдеуге жауап беретін мидың әртүрлі бөліктерін іске қосады. Тони Бьюзеннің әзірлеген оқыту әдісі - интеллект-карта мидың барлық бөліктерін барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Интеллект-карта- бұл графикалық түрдегі ақпаратты бейнелеу технологиясы; өзінің барлық шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, ойлауға, ақпаратты тиімді құрылымдауға мүмкіндік беретін құрал. Бұл жұмыстың тәжірибелік жаңалығы әр түрлі клиникалық және теориялық пәндерді бір пән шеңберінде бірыңғай тұтастыққа интеграциялаудан тұрады.
Жұмыстың мақсаты: қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің білімін қалыптастыру үшін интеллект - карта әдісін қолданудың тиімділігін көрсету.
Материалдар мен әдістер: КеАҚ «Семей медицина университетінің» «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша 6 курстың 12 топтарының арасында және ЖМФ 5 курстың 16 топтарының арасында «Бас миының ісіктері (бас миы менингиомасы мысалында)» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Барлық топтар 2 кіші топқа бөлінді: бақылау және тәжірибелік (5 курстың 8 тобынан және әрқайсысында интернатураның 6 тобынан). Студенттердің интеллект-карта түрінде сабақ өткізу нысаны туралы ой - пікірін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама жартылай жабық түрде құрастырылды: жауап нұсқаларының болуымен және өз тұжырымдарын жазу мүмкіндігімен.
Нәтижелер мен талқылаулар: Біз интеллект-карта әдісін қолданған кезде кафедрада білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасы жоғарылауы мүмкін деп болжадық. Жалпы алғанда студенттердің 73,2% - ы оқытудың жаңа, инновациялық әдістерін енгізуді, 67,3% - ы сабақты дәстүрлі түрде өткізгеннен қарағанда схема түрінде құрастырылған конспект ретінде мазмұндауды қолдаған. Сұралғандардың 65,9%-ы майнд-мэп әдісі арқылы оқыту үрдісін жеңіл әрі қызықты деп таныған.
Қорытынды: жоғарыда айтылғандар бойынша интеллектуалды карталар әдісі оқу үрдісін студенттер үшін қызықты және әсерлі етуге мүмкіндік береді және медициналық білім беру мекемелеріндегі оқу үрдісі үшін қолайлы болып келеді деп қорытынды жасауға болады.
Көрген адамдардың саны: 426
Мақалалар санаты:
Медициналық білімберу
Библиографиялық сілтемелер
Рахимбеков А.В., Адылханов Т.А., Бекетова Б.Б., Уагызханкызы Ж., Рахманкулова А.М., Салыкбаева К.С. Тони Бьюзендің клиникалық және радиациялық онкология кафедрасындағы оқушылардың зияткерлік картасына негізделген қашықтықтан білім беру моделінің тиімділігін бағалау (мысалы мейінді ұсыну үшін) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 145-152. doi 10.34689/SH.2020.22.4.015Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА
ТИІМДІЛІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ НАҚТЫ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ