Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Коронавирус 2019 (COVID-19) ауруының пандемиясы дүниежүзі халқы үшін тұрақты қиратушы қауіп төндіріп тұр. Медициналық қызметкерлер пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұр және сол себепті COVID-19 даму қаупіне қатысты ең осал кәсіби топқа жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша көптеген медициналық қызметкерлер коронавирустың 2 ауыр жіті респираторлы синдромын (SARS-CoV-2) жұқтырған және 3600 астам медициналық қызметкерлер қайтыс болды, олардың көбі пандемия кезеңінде 60 жасқа дейінгі адамдар қайтыс болған. Қазақстан Республикасында пандемия басталғаннан бері 182 астам медициналық қызметкер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлер арасында ауру жұқтырғандар саны өсіп жатқандықтан, COVID-19 кезеңінде медициналық қызметкерлер бетпе-бет келетін мәселелерді ары қарай зерттеу қажет. Мақсаты: COVID-19 кезеңінде мамандандырылған көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер арасында медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдебиеттердің деректеріне талдау жүргізу. Іздеу стратегиясы: e-Library.ru, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханада Scopus, Web of Science Core Collection, MedLine, PubMed, Cochrane Library, Google Scholar іздеу жүйелеріндегі ғылыми жұмыстарға іздеу жүргізілді. Іздеу критерийлері әдебиетті іздеу тереңдігі 3 жылды (2019-2021 жж.) қамтыды, әдебиетті шолу, мета-талдаулар, ағылшын және орыс тілдеріндегі нормативтік-құқықтық құжаттар. Іздеуде мына критерийлер алып тасталды: анық емес және бір мәнді емес тұжырымдары бар, негізгі маңыздылық көрініс таппаған төмен методологиялық сападағы жарияланымдар, қайталама кездесетін жарияланымдар, конференция материалдары және клиникалық жағдайлар. Іздеу нәтижесінде барлығы 210 шетелдік және отандық жарияланымдарды біріздендірдік, оларың ішінде 78 жарияланым аталған шолуға енді. Нәтижелер және қорытындылар: Әдебиеттер деректерін талдау пандемияға дайындықтың болмауы, жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) жиынтығының және ЖҚҚ бойынша ұсынымдарды дамытудың толық дайын болмауы, медициналық қызметкерлер арасында алаңдау және қорқыныш, әлеуметтік-экономикалық қолдауды қамтамасыз етудегі мәселелер және медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі - COVID-19 уақытында алдыңғы шептегі медициналық қызметкерлердің соқтығысатын мәселелері екенін көрсетті. Ағымдағы зерттеу нәтижелері медициналық қызметкерлерді қорғау үшін әлеуметтік-экономикалық көмек және денсаулық сақтау секторында пандемияға адекватты дайындалу қажеттігін көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 422

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: COVID-19 - өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Цигенгагель О.П., Глушкова Н.Е., Хисметова З.А., Жакупбаева Э., Сарсенбаева Г.Ж., Самарова У.С., Атабаева А.К., Жанабаева М.Н., Уразалина Ж.М., Кусаинова Д.К. COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі медициналық қауіпсіздік. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 13-23. doi:10.34689/SH.2021.23.2.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев