Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПАРАМЕДИКТЕРДІ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Парамедик жедел немесе өте ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкер. Мақсаты. Бірінші деңгейдегі парамедиктерді оқытатын бағдарламаны бағалау. Материалдар және әдістер. Біз теориялық оқытумен қатар практикалық дағдыларды меңгеруді манекендерде жетілдірдік. Зерттеу тобындағы ТЖМ 127 қызметкері оқуға дейін, шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша бастапқы білім деңгейлері тексерілді. Оқу аяқталғаннан кейін 1 айдан соң білім деңгейі тексерілді. Білім деңгейін тексеру үшін 20 тест сұрағы құрастырылды. Статистикалық зерттеулер Windows арналған IBM SPSS Statistics бағдарламасы арқылы жүргізілді. Зерттеу топтарының арасындағы айырмашылықты бағалау үшін Пирсон χ2 тесті қолданылды. Топтар арасындағы айырмашылық 5% деңгейде болған кезде сенімді деп есептелді (р<0,05). Нәтижелер. Сауалнама нәтижесін бағалау және талдау жүргізілген оқытудың жоғары тиімділігін көрсетті. Бұған өмірге қауіпті және өте қиын жағдайларда көрсетілетін көмек бойынша сауалнамаға дұрыс жауап санының оқудан кейін айқын артуы дәлел. Алайда кейбір теориялық сұрақтарды шешуде қиындықтар туындаған. Қорытынды. Алған білім, дағдыларды тұрақты бекіту үшін үнемі қайталау керек. Бұл тұрақты түрде курстарды қайталап өтіп тұруды қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 433

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Пивина Л.М., Глушкова Н.Е., Месова А.М., Дюсупов А.А., Ыгиева Д.Г., Батенова Г.Б., Уразалина Ж.М., Манарбеков Е.М., Айдосов Н.С., Уйсенбаева Ш.О., Пивин М.Р., Миллер А.E. Парамедиктерді дайындауға арналған оқыту бағдарламасының тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.3.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев