Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАШЫҚТЫҚ ФОРМАТТА ТӘУЕЛСІЗ ЕМТИХАН ӨТКІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе. Медициналық білім беру жүйесінде соңғы жылдары дәстүрлі оқыту формасынан қашықтықтан оқытуды қолданатын әдістерге көшу байқалады. Жаңа COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі медициналық білім беруді күрт өзгертті. Зерттеудің мақсаты: 5 курс студенттеріне Семей медициналық университетінің «Жалпы медицина» (ОМ) мамандығы бойынша тәуелсіз емтиханды қашықтық форматта өткізу тәжірибесін көрсету. Материалдар мен әдістер: 2019-2020 жылдар арасында СМУ-да оқыған 584 студент ішінде 5-курс студенттерінің тәуелсіз емтиханына талдау жүргізілді: қазақ бөлімі - 296 студент, орыс бөлімі - 76, ағылшын тілінде оқитын топтар - 212. Нәтижелер: 5 курс студенттерін тәуелсіз аттестаттаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бұндай көрсеткішерге ие болды, 397 студент (68%) тестілеу емтиханынан «өте жақсы» (A, A-) деген бағаға тапсырды, 66 студент (11,3%) «жақсы» деген бағаға (B +, B, B-, C +), «қанағаттанарлық» (C, C-, D +, D) - 121 студент (20,7%). Қорытындылар: 2019-2020 жылдар арасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 курс студенттерінің тәуелсіз емтихан нәтижелері күндізгі оқу бөлімінде және қашықтық форматта алынған бағалар шамамен бірдей екендігіне көз жеткізілді және бұл жанама түрде емтиханның онлайн форматта өткізілудің сапасын көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 372

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Маукаева С.Б., Узбекова С.Е., Оразалина А.С., Нуржанова А.Е., Мусабеков М.Б. Қашықтық форматта тәуелсіз емтихан өткізу тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.3.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев