Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА САЛЫСТЫРЫМДЫ ШОЛУ
Кіріспе. Кешенді медициналық көмек көрсетуді тиімді және қауіпсіз басқару және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде пациенттерге күтім жасау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы отбасылық медицина (ОM) білім беру бағдарламалары қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі аз дамыған елдерде ОМ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді оқыту стандарттарының мәлімдемелері аз кездеседі. Бұл зерттеудің мақсаты отбасылық медицинаның резидентурасын оқытудың халықаралық стандарттарын Қазақстан Республикасындағы отбасылық медицинаны оқыту бағдарламалары үшін ең жақсы тәжірибелік нұсқаулық ретінде пайдалану үшін қайта қарау болды. Әдістер. Ақпарат шолу Medline және Google Scholar мәліметтер базасында жүргізілді. Кіргізу критерийлері келесі жарияланымдар болды: зерттеу тақырыбы ОМ-ге, басылымның толық мәтініне қол жетімділікке байланысты болуы керек, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ОМ-дағы резидентуралық білім беру бағдарламалары, ОМ резиденттерінің құзыреттілігі мен практикалық дағдылары, ОМ резиденттерінің білімін бағалау әдістері. Іздеу барысында келесі кілт сөздер (MeSH) және олардың тіркесімдері қолданылды: отбасылық медицина; резидентура, жоғары оқу орнынан кейінгі білім / оқыту, білім беру стандарты және білім беру бағдарламалары. Нәтижелер. АМСК жүйесі дамып келе жатқан елдерде, мысалы, посткеңестік елдерде білім беру бағдарламалары туралы стандартталған ақпарат алу қиынға соқты. Европаның 7 елінен алынған ақпарат ОМ жеке пән ретінде кеңінен танылғанын көрсетті. Бұл елдерде академиялық тану соңғы жиырма жыл ішінде қарқынды дамуға алып келді. Қорытынды. Қазақстан Республикасындағы жалпы дәрігерлік практиканың позициясы формальды түрде қолайлы, бірақ бәрібір қалаған деңгейге жету үшін көп күш жұмсау керек.
Көрген адамдардың саны: 274

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Абенова Н.А., Дильмагамбетова Г.С., Жамалиева Л.М., Кашкинбаева А.Р., Замэ Ю.А., Кошмаганбетова Г.К. Қазақстан Республикасында және әлемдегі отбасылық медицина бойынша білім беру бағдарламарына салыстырмалы шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 190-198. doi 10.34689/SH.2021.23.4.021

Авторизируйтесь для отправки комментариев