Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН ЫНТАЛАНДЫРУ
Кіріспе: Қазақстанда мейіргер қызметін ұйымдастыру деңгейі төмен және мейіргер қызметтерін басқару тәсілдерінде айтарлықтай өзгерістер мен жақсартуларды талап етеді. Қазақстан Республикасында медбикелер дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрігерге ассистент жасауды ғана орындайды және тәуелсіз мейірбикелік тәжирибені жүзеге асырмайды. Осыған байланысты, Қазақстанда 2018 жылғы шілдеде Денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргер қызметінің жаңа моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Зерттеу мақсаты: мейірбике қызметін дамытудың халықаралық және отандық тәжірибесін зерттеу. Іздеу стратегиясы: PubMed, Google Scholar, Cochrane Library, Web of Science, Scopus сияқты ғылыми жарияланымдардың және мамандандырылған іздеу жүйелерінің деректер базасын пайдалана отырып, 30 жыл ішінде көпшілікке қолжетімді, тереңдіктегі мақалалар зерделенді. Зерттеу нәтижелері: Созылмалы аурулардың ауыртпалығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі үшін маңызды экономикалық және клиникалық проблема болып табылады. Американдық медбикелер қауымдастығының мәліметтері бойынша, медбикелердің 90% - ы созылмалы аурулары бар науқастарға алғашқы медициналық көмек деңгейінде көмек көрсетуде рөл атқаруға үйретілген. Қазақстанда бұл тәсілді біртіндеп кеңейтілген тәжирибедегі медбикелер қолданады. Кеңейтілген тәжирибедегі медбике- Мейірбике ісі саласындағы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейірбике күтімі шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман. Медбикелер үшін бакалавриат бағдарламаларын дамытуға баса назар аудару ауруханаларда алдын алуға болатын өлім-жітімнің санын азайтуы мүмкін. Қорытынды: Осылайша, Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті реформалау шеңберінде практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлердің әлеуетін одан әрі дамыту үшін негіз дайындалды. Бұл тауашаны Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті ілгерілетумен тікелей айналысатын мейіргерлер қауымдастығы иеленуге тиіс.
Көрген адамдардың саны: 354

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Сыдыкова Б.Қ., Умбетпаев А.Т., Байгожина З. А. Хисметова З.А., Самарова У.С., Сарсенбаева Г.Ж., Елисинова А.М., Смаилова Д.С. Медициналық қызметтің сапасын арттыру тәсілі ретінде мейірбикелердің кәсіби дамуын ынталандыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 199-207. doi 10.34689/SH.2021.23.4.022

Авторизируйтесь для отправки комментариев