ЗАМАНАУИ БІЛІМДІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ АУРУХАНА ІШІЛІК ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ МЕДИК-СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖОҒАРЫЛАТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
Кіріспе: Мультимедиялық оқыту – бұл оқушы өзіне берілген сөздер мен суреттерден ойша бейнені құрастыратын білім беру процесі. Бұл зерттеудің мақсаты 2 және 5 курс медицина студенттеріне арналған презентацияларға мультимедиялық оқытудың ұсынылған принциптерін қолдану мүмкіндігін тексеру болды.
Әдістері: Бұл зерттеу медициналық студенттердің инфекциялық бақылау туралы хабардарлығын арттыруға білім беру шараларының әсерін салыстыру үшін жүргізілген рандомизацияланған сынақ болып табылады. Презентация мен нұсқаулық бейнені зерттеуші ДДҰ мен CDC ұсыныстарын және олардың зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып әзірледі.
Нәтижелері: Зерттеуге Қарағанды медицина университетінің 2 және 5 курстарының 180 студенті таңдалды. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу бойынша біліктілік деңгейін анықтауға арналған базалық тест қанағаттанарлық нәтиже көрсетті. Білім беру интервенциясын енгізу жалпы орташа баллдың 11,89 (2,6) баллдан 14,56 (2,23) баллға дейін жақсарғанын көрсетті. Зерттеу топтарында білімнің статистикалық маңызды жақсаруы білім беру араласудан кейін оның түріне қарамастан анықталды.
Қорытынды: Біздің зерттеуіміз медицина факультетінің студенттері арасында ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың ауыртпалығы мен стандарттары туралы студенттердің хабардарлығын арттыруда мультимедиялық технологияларды қолданудың тиімділігін көрсетті. Біз жасаған анимациялық контентті енгізу студенттердің назарын ауруханаішілік инфекциялардың ауыртпалығына аударуға және оларды ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясын және алдын алу шараларын зерттеуге ынталандыруға мүмкіндік берді.
Көрген адамдардың саны: 282
Мақалалар санаты:
Медициналық білімберу
Библиографиялық сілтемелер
Култанова Э., Турмухамбетова А., Турдыбекова Я., Нукештаева К. Заманауи білімділік технологиясы аурухана ішілік инфекция туралы медик-студенттердің білім деңгейін жоғарылату әдісі ретінде // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 200-206. doi: 10.34689/SH.2022.24.2.024Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА
ТИІМДІЛІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ НАҚТЫ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ