РЕЗИДЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЛІМГЕРДІҢ РӨЛІ
Кіріспе: Қазіргі қоғамда жас мамандарды даярлау барысында өз тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар дәстүрлерді, мамандық мәдениетін де жеткізетін тәлімгердің рөлі өте маңызды. Шет ел мемлекеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, тәлімгерлікті тиімді дамыту, мобильді, шығармашылықты, біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті дәрігерді даярлау, маманның клиникалық жұмысындағы табыстың кепілі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: неонатолог резиденттерді оқытудағы тәлімгердің рөлінің маңыздылығы туралы және оларды практикалық денсаулық сақтауда өздігінен дәрігерлік қызметте қолдану мәселесін зерттеу болды.
Әдістері: КМК ОКА базаның, №1, 2 перинаталды орталықтағы кафедрада неонаталдық көмек көрсетумен бірге, білім алушылардың клиникалық және практикалық дағдыларды меңгеруі мен игеруі үшін, практикалық денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеу мақсатында тиісті жағдай жасалып, заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған. Кафедра клиникалық тәлімгерлерді даярлау үшін алгоритм мен ақпарат көлемін ұсынды.
Біз 2019-2022 ж. ж. аралығындағы неонатолог резиденттерді даярлау кезінде клиникалық тәлімгерлердің қанағаттанушылығына, оқытудың сапасына және осы пән бойынша алған білімдерін бағалауға, міндетті және бейіндеуші пәндерді оқығаннан кейін анонимді сауалнама жүргізу арқылы талдау жасадық.
Нәтижелер: жүргізілген жұмысты талдау негізінде білім алушылардың көпшілігі клиникалық тәлімгердің кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтті, оқыған материалды кәсіби қызметте қолдану, нақты жағдайда ойнату арқылы (курацияда, практикалық дағдылар орталығында) оқу барысындағы алған білімдерін практикаға қолдануға бағыттайды. Респонденттердің 92,6% клиникалық тәлімгерлер білім алушылардың жетістіктеріне қызығушылық танытатынын, оқу барысында құрметпен және бірегей талапшыл екенін атап өтті. 7R011114 «Неонатология» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасын оқығаннан кейін, түлектерді бағалауда тәуелсіз емтихан нәтижелері тұрақты түрде оң нәтиже көрсетуде.
Қорытынды: Тәлімгерлік - дәрігерлердің кәсіби дамуының перспективті тәжірибесінің бірі болып табылады, өйткені медициналық қызмет процесінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, медицина дәрігерден практикалық тәжірибе мен жоғары шеберлікті талап етеді.
Көрген адамдардың саны: 160
Мақалалар санаты:
Медициналық білімберу
Библиографиялық сілтемелер
Кизатова С.Т., Дильмурадова К.Р., Панибратец Л.Г., Виноградская Е.В., Ясная Л.М., Еримбетова Н.А., Кирьянова Т.А. Резидент дәрігерлердің заманауи медициналық біліміндегі клиникалық тәлімгердің рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 271-277. doi 10.34689/SH.2023.25.1.031Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА
ТИІМДІЛІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ НАҚТЫ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ