МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӘСІБИЛІКТІ ДАМЫТУ – БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Медициналық білім беру қоғамның қажеттіліктері мен ғылыми жетістіктерге бағытталған икемді білім беру жүйесі болып табылады. Дәрігердің оқуы өмір бойы жүреді, сондықтан білім мен тәжірибе жинақтау үшін берік негіз жасау маңызды. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде білікті және кәсіби маманды нәтижелі дайындаудың кепілі болып табылатын құзыреттілік көзқарасты ұстану қажет. Сонымен қатар, кәсібилік – барлық түлектер қол жеткізуі тиіс негізгі құзырет. Мақалада біз отбасылық медицина резиденттері арасында кәсібилікті дамыту үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу тәжірибесімен бөлістік. Біз үшін оқыту бағдарламасында кәсібиліктің негізгі атрибуттарын ашу маңызды болды, олар жақсы клиникалық білім мен дағдылардан басқа, кәсіби маманның адалдық, жауапкершілік, сенімділік, есеп берушілік және науқасты күту міндеттері мен жеке міндеттемелері арасындағы сәйкес тепе-теңдікті сақтай білу сияқты қасиеттерді қамтиды. Бұл зерттеуде біз оқытудың нәтижелері мен оқыту әдістерін егжей-тегжейлі қарастырдық және алғаш рет қазақ тіліне аударылған, жақсы сенімділік пен негізділігін көрсете отырып, пилоттық зерттеуден өткен P-MEX шағын кәсіби бағалау құралы қолданылды.
Көрген адамдардың саны: 152
Мақалалар санаты:
Медициналық білімберу
Библиографиялық сілтемелер
Абенова Н.А., Жамалиева Л.М., Кошмаганбетова Г.К., Дильмагамбетова Г.С., Есенгалиева И.Е., Иманбаева А.У. Медициналық білім берудегі кәсібилікті дамыту – Батыс Қазақстан медицина университетінің тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 270-277. doi 10.34689/SH.2023.25.2.034Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА
ТИІМДІЛІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ НАҚТЫ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ