Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РЕЗИДЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЛІМГЕРДІҢ РӨЛІ
Кіріспе: Қазіргі қоғамда жас мамандарды даярлау барысында өз тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар дәстүрлерді, мамандық мәдениетін де жеткізетін тәлімгердің рөлі өте маңызды. Шет ел мемлекеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, тәлімгерлікті тиімді дамыту, мобильді, шығармашылықты, біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті дәрігерді даярлау, маманның клиникалық жұмысындағы табыстың кепілі болып табылады. Зерттеу мақсаты: неонатолог резиденттерді оқытудағы тәлімгердің рөлінің маңыздылығы туралы және оларды практикалық денсаулық сақтауда өздігінен дәрігерлік қызметте қолдану мәселесін зерттеу болды. Әдістері: КМК ОКА базаның, №1, 2 перинаталды орталықтағы кафедрада неонаталдық көмек көрсетумен бірге, білім алушылардың клиникалық және практикалық дағдыларды меңгеруі мен игеруі үшін, практикалық денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеу мақсатында тиісті жағдай жасалып, заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған. Кафедра клиникалық тәлімгерлерді даярлау үшін алгоритм мен ақпарат көлемін ұсынды. Біз 2019-2022 ж. ж. аралығындағы неонатолог резиденттерді даярлау кезінде клиникалық тәлімгерлердің қанағаттанушылығына, оқытудың сапасына және осы пән бойынша алған білімдерін бағалауға, міндетті және бейіндеуші пәндерді оқығаннан кейін анонимді сауалнама жүргізу арқылы талдау жасадық. Нәтижелер: жүргізілген жұмысты талдау негізінде білім алушылардың көпшілігі клиникалық тәлімгердің кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтті, оқыған материалды кәсіби қызметте қолдану, нақты жағдайда ойнату арқылы (курацияда, практикалық дағдылар орталығында) оқу барысындағы алған білімдерін практикаға қолдануға бағыттайды. Респонденттердің 92,6% клиникалық тәлімгерлер білім алушылардың жетістіктеріне қызығушылық танытатынын, оқу барысында құрметпен және бірегей талапшыл екенін атап өтті. 7R011114 «Неонатология» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасын оқығаннан кейін, түлектерді бағалауда тәуелсіз емтихан нәтижелері тұрақты түрде оң нәтиже көрсетуде. Қорытынды: Тәлімгерлік - дәрігерлердің кәсіби дамуының перспективті тәжірибесінің бірі болып табылады, өйткені медициналық қызмет процесінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, медицина дәрігерден практикалық тәжірибе мен жоғары шеберлікті талап етеді.
Сауле Т. Кизатова1, https://orcid.org/ 0000-0002-4697-5335 Клара Р. Дильмурадова2, https://orcid.org/0000-0002-8408-0233 Людмила Г. Панибратец3, Елена В. Виноградская4, Лариса М. Ясная4, Назым А. Еримбетова1, https://orcid.org/0000-0001-7221-4778 Татьяна А. Кирьянова1, https://orcid.org/0000-0002-7988-9361 4 1 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Педиатрия және неонатология кафедрасы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы; 2Самарқанд мемлекеттік медициналық институты, неонатология курсы, Самарқанд қ., Өзбекстан Республикасы; 3 «Облыстық клиникалық аурухана» КМК, №2 Перинаталды орталық, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы; 4 «Облыстық клиникалық аурухана» КМК, №1 Перинаталды орталық, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
1. Akinla O., Hagan P., Atiomo W. A systematic review of the literature describing the outcomes of near-peer mentoring programs for first year medical students // BMC Med Educ. 2018 May 8. 18(1):98. doi: 10.1186/s12909-018- 2. Alimkhanova R.S., Abatov N.T. The role of mentoring in modern medical education of resident doctors // Medicine and ecology. 2019. No. 3. P. 61-63. [in Russian]1195-1 3. Atkinson A., Watling C.J., Brand P.LP. Feedback and coaching // Eur J Pediatr. 2022 Feb. 181(2):441-446. doi: 10.1007/s00431-021-04118-8. 4. Berenstain L.K., Markowitz S.D., Byerly S.I. Physician Coaching // Anesthesiol Clin. 2022 Jun. 40(2):337-348. doi: 10.1016/j.anclin.2022.01.007. 5. Deiorio N.M., Carney P.A., Kahl L.E., Bonura E.M., Juve A.M. Coaching: a new model for academic and career achievement // Med Educ Online. 2016. 1. 21. 33480. doi: 10.3402/meo.v21.33480. 6. Gerken A.T., Beckmann D.L., Stern T.A. Fostering Careers in Medical Education // Psychiatr Clin North Am. 2021 Jun. 44(2):283-294. doi: 10.1016/j.psc.2020.12.007. 7. Guckian J., Utukuri M., Asif A., Burton O. Social media in undergraduate medical education: A systematic review // Med Educ. 2021 Nov;55(11):1227-1241. doi: 10.1111/medu.14567 8. Improvement of students’ clinical training on the basis of introduction of mentorship in clinical training of medical education organizations. Methodical recommendations. Astana. 2016. 52 p. [in Russian] 9. Jull J., Köpke S., Smith M. Decision coaching for people making healthcare decisions // Cochrane Database Syst Rev. 2021 Nov 8;11(11):CD013385. doi: 10.1002/14 10. Liesis N. The mentoring manifesto: Advice from a mentor // Emerg Med Australia. 2017. 29(3). P. 355-357. doi: 10.1111/1742-6723.12795. 11. Lovell B. What do we know about coaching in medical education? A literature review // Med Educ. 2018 Apr. 52(4):376-390. doi: 10.1111/medu.13482 12. Ong Y.T., Quek C.WN., Pisupati A., Loh E.KY., Venktaramana V., Chiam M., Krishna L.KR. Mentoring future mentors in undergraduate medical education // PLoS One. 2022. 17(9). e0273358. doi: 10.1371/journal.pone.0273358. 13. Rees E., Guckian J., Fleming S. Fostering excellence in medical education career pathways // Educ Prim Care. 2021. 32(2). P. 66-69. doi: 10.1080/14739879.2020.1827302. 14. Shestak N.V., Krutiy I.A. Mentoring as an aspect of continuous professional development of a doctor // Pedagogy of professional medical education. 2019. No. 2. P.5-25. [in Russian] 15. The Order of the Minister of Health in the Republic of Kazakhstan dated July 4, 2022 No. 63. On the approval of state obligatory standards for the levels of education in the field of healthcare. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan as of July 5, 2022 No. 28716 [in Russian]. 16. Tyutenova Zh.A. To the question of mentoring in the system of health care in the Republic of Kazakhstan // Young Scholar. 2016. No. 14 (118). P. 241-243. [in Russian] — URL: https://moluch.ru/archive/118/32659/ (as of 15.01.2023) 17. Tyutenova Zh.A. Analysis of modern conditions to introduce mentoring practice in medicine // New tasks of modern medicine: materials of the IV International Science conf. (St. Petersburg, December 2016). St. Petersburg: Svoe izdatelstvo. 2016. P. 83-85. [in Russian] — URL: https://moluch.ru/conf/med/archive/239/11336/ (as of 15.01.2023). 18. Viney R., Mc Kimm J. Mentoring // Br J Hosp Med (Lond). 2010.71(2). P.106-9. doi: 10.12968/hmed.2010.71.2.46491. 19. Wolff M., Hammoud M., Santen S., Deiorio N., Fix M. Coaching in undergraduate medical education: a national survey // Med Educ Online. 2020. 25(1). 1699765. doi: 10.1080/10872981.2019.1699765.
Көрген адамдардың саны: 78

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Кизатова С.Т., Дильмурадова К.Р., Панибратец Л.Г., Виноградская Е.В., Ясная Л.М., Еримбетова Н.А., Кирьянова Т.А. Резидент дәрігерлердің заманауи медициналық біліміндегі клиникалық тәлімгердің рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 271-277. doi 10.34689/SH.2023.25.1.031

Авторизируйтесь для отправки комментариев