Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӨТКЕРГЕН, РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯ РЕСТЕНОЗЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кіріспе. Тромбоз және стент рестенозының қауіп факторлары жағымсыз нәтижелерге ұшырау қаупі бар адамдарға, әсіресе коморбидті аурулары бар, алдын ала реваскуляризацияланған миокардпен ауыратын егде жастағы емделушілерге қатысты ерекше маңызды. Мұндай жайсыз ауруларға коронавирустық инфекция жатады. Зерттеудің мақсаты: коронавирустық инфекцияны өткерген, бұрын реваскуляризацияланған миокарды болған адамдарда коронарлық артерия стентінің рестенозы мен тромбозының қауіп факторларын бағалау болды. Материалдар мен әдістер. 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейінгі кезеңде жаппай таңдау арқылы коронарангиография жасалған, яғни оның ішінде миокард реваскуляризациясы мен стенттеуді өткерген адамдардың қауіп факторларының әрқайсысы үшін ықтималдық коэффициентін есептей отырып, тромбоз бен стент рестенозының таралуына ретроспективті эпидемиологиялық зерттеу жүргіздік. Зерттеудің барлық кезеңінде 7 738 адам коронарангиографиядан өтті, оның ішінде 4619 пациент көрсеткіштер бойынша коронарлық артерияларды стенттеуден өтті. Статистикалық есептеулер SPSS 20.0 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жүргізілді (IBM Ireland Product Distribution Limited, Ireland). Тәуекел факторларының әрқайсысының операциядан кейінгі асқынулардың дамуына қосқан үлесін бағалау үшін коэффициенттер есептелді. Нәтижелер. Қант диабетінің болуы рестеноздың және коронарлық артерия стентінің тромбозының даму мүмкіндігін екі еседен астам арттырады; ал артериялық гипертензия үшін бұл көрсеткіш 1,5 құрады. Еркек жынысы стент рестенозының 2,9 есе жоғарылауымен байланысты. D-димерге, тропонинге, АЛТ, АСТ, креатининге, С-реактивті ақуызға және КФК-ға қатысты коронарлық артериялардың рестенозы ықтималдығының екі еседен астам жоғарылауы анықталды (р<0,001). Зерттелетін патологияның дамуында сол жақ қарыншаның шығару фракциясы мен науқас жасы маңызды рөл атқармады. Коронарлық артериялардың рестенозы ықтималдығының максималды жоғарылауы коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарда байқалды – 3,176(р<0,001). Қорытынды. Рестеноздың алдын алу үшін түрлендіруші қауіп факторларын және жеке емдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, барынша күш салу қажет.
Гульнара Б. Батенова1, https://orcid.org/0000-0003-3198-1860 Людмила М. Пивина1, https://orcid.org/0000-0002-8035-4866 Евгений И. Дедов3, https://orcid.org/0000-0002-9118-3708 Диана Г. Ыгиева1, https://orcid.org/0000-0001-8391-8842 Галия А. Алибаева2, https://orcid.org/0000-0002-1503-4663 Жансая Т. Әукенова1, https://orcid.org/0009-0001-3591-8175 Андрей Ю. Орехов1, https://orcid.org/0000-0001-7201-1399 Асылжан М. Месова1, https://orcid.org/0000-0001-5373-0523 Максим Р. Пивин1, https://orcid.org/ 0000-0001-7206-8029 Жанар М. Уразалина1, https://orcid.org/0000-0002-4494-6565 1 «Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 3 Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университеті, Мәскеу, Ресей Федерациясы.
1. Batenova G., Pivina L., Dedov E., Dyussupov A., Zhumanbayeva Z., Smail Y., Belikhina T., Pak L., Ygiyeva D. Restenosis of Coronary Arteries in Patients with Coronavirus Infection: Case Series // Case Rep Med. 2023. Р. 3000420. 2. Buccheri D., Piraino D., Andolina G., Cortese B. Understanding and managing in-stent restenosis: a review of clinical data, from pathogenesis to treatment // J Thorac Dis. 2016. Vol 8(10). E1150-E1162. 3. Byrne R.A., Stone G.W., Ormiston J., Kastrati A. Coronary balloon angioplasty, stents, and scaffolds // Lancet. 2017. Vol 390(10096). Р.781-792. 4. Cornelissen A., Vogt F.J. The effects of stenting on coronary endothelium from a molecular biological view: Time for improvement? // J Cell Mol Med. 2019. Vol 23(1). Р.39-46. 5. Hauguel-Moreau M., Prati G., Pillière R., Beaune S., Loeb T., Sawczynski B., Aïdan V., Hergault H., Ouadahi M., Szymanski C., Dubourg O., Mansencal N. Impact of two COVID-19 national lockdowns on acute coronary syndrome admissions // Coron Artery Dis. 2022. Vol 33(4). Р.333-334. 6. Lee O.H., Hong S.J., Ahn C.M., Kim J.S., Kim B.K., Ko Y.G., Choi D., Jang Y., Hong M.K. The Incidence of Non-Cardiac Surgery in Patients Treated With Drug-Eluting Stents According to Age // J Invasive Cardiol. 2019. Vol 31(2). E9-E14. 7. Li M., Hou J., Gu X., Weng R., Zhong Z., Liu S. Incidence and risk factors of in-stent restenosis after percutaneous coronary intervention in patients from southern China // Eur J Med Res. 2022. Vol.27. (1). Р.12. 8. Liu D., Xue Z., Qi J., Yin L., Duan B., Wu L., Yang K., Gao B., Cao Q., Mi J. Risk factors for instent restenosis of sirolimus-coated stents in coronary intervention for patients with unstable angina // Sci Rep. 2024. Vol 14(1). Р. 2537. 9. Montaseri M., Golchin Vafa R., Attar A., Ali Hosseini S., Kojuri J. Stent thrombosis during COVID-19 pandemic: A case series // Clin Case Rep. 2022. Vol 10(5). e05872. 10. Pleva L., Kukla P., Hlinomaz O. Treatment of coronary in-stent restenosis: a systematic review // J Geriatr Cardiol. 2018. Vol 15(2). Р.173-184. 11. Zaher N., Sattar Y., Mahmood S., Vacek T., Alraies M.C. COVID-19 Infection Complicated by a Complete Occlusion of the Left Circumflex Artery With Acute Restenosis After Drug-Eluting Stent Placement // Cureus. 2020. Vol 12(9). e10708.
Көрген адамдардың саны: 548


Мақалалар санаты: COVID-19-өзекті тақырып

Библиографиялық сілтемелер

Батенова Г.Б., Пивина Л.М., Дедов Е.И., Ыгиева Д.Г., Алибаева Г.А., Әукенова Ж.Т., Орехов А.Ю., Месова А.М., Пивин М.Р., Уразалина Ж.М. Коронавирустық инфекцияны өткерген, реваскуляризациясы бар науқастарда коронарлық артерия рестенозының эпидемиологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 97-103. doi 10.34689/SH.2024.26.2.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев