Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Кіріспе: Қазақстан Республикасында суицидтің жоғары көрсеткіштері елеулі әлеуметтік мәселесі болып табылады. Мақсаты: Суицид көрсеткіштерін төмендету үшін, зерттеушілер суицидтің алдын алуы бойынша тиімді шараларды әзірлеуге ықпал ететін академиялық перспективаны ұсынуы керек. Материалдар мен әдістер: Бұл зерттеуде "суицид" және "Қазақстан" түйінді сөздері PubMed деректер базасында, Қазақстандағы суицидтің алдын алу шаралары туралы мақалаларды іздеу үшін пайдаланылды. 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған, сондықтан 16 желтоқсан 1991 жылға дейінгі жарияланған мақалалар зерттеуге кіргізілмеді. Қазақстанда суицидтің алдын алу шаралары туралы зерттеулердің сипаттамалары зерделенді. Бұл сипаттамалар, Қазақстанда суицидтің алдын алуы бойынша нақты шараларды егжей-тегжейлі зерделеу қажеттігін көрсетеді. Нәтижелері: "Суицид" және "Қазақстан" түйінді сөздерін пайдаланған кезде PubMed-те 36 мақала табылды, оның ішінде 3 мақала зерттеудегі өзектіліктің болмауына байланысты алынып тасталды, сондықтан барлығы 33 мақала қаралды. 33 мақаланың екеуі 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін жарық көрді, сондықтан барлығы 31 мақала қарастырылды. 31 мақаланың 18-і Қазақстанда суицидтің алдын алу шаралары бойынша зерттеулер болып табылатыны анықталды. 18 зерттеудің 8-і "аяқталған суицид", 6-ы "суицидтік ойлар" және 4-і "суицидтік мінез-құлық" тақырыбында болды. Зерттеулердің сипаттамалары 2018 жыл бойынша бөлінді: 2018 жылға дейін зерттеулердің көпшілігі аяқталған суицидтермен байланысты болды, ал 2018 жылдан кейін зерттеулердің көпшілігі суицидтік ойлармен немесе суицидтік мінез-құлықпен байланысты болды. Қорытынды: Аяқталған суицид, суицидтік ойлар мен мінез-құлықтарды одан әрі зерделеу, сондай-ақ суицидтің алдын алу бойынша тиімді стратегияларды белсенді енгізу қажет..
Көрген адамдардың саны: 231


Мақалалар санаты: Медициналық білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Иноуэ K., Толеуов E., Аккузинова K., Молдагалиев T., Оспанова Н., Сексенбаев Н. Қазақстан Республикасында суицидтің алдын-алудың нақты шараларын одан әрі зерделеудің шұғыл қажеттілігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 229-233. doi 10.34689/SH.2024.26.2.026

Авторизируйтесь для отправки комментариев