КОМАНДАҒА-БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ТҮРІН «РЕВМАТОЛОГИЯ» ДИСЦИПЛИНАСЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНУ
Мақалада КеАҚ "Семей медицина университеті" жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері арасында ревматология пәнінде командаға-бағытталған оқыту түрін қолдану бойынша кері байланыстың талдауы келтірілген.
Зерттеу қарапайым көлденең. "Жалпы медицина" факультетінің 4 курс студенттеріне "Ревматология" пәнін оқу аяқталғаннан кейін сауалнама жүргізілді. Барлығы 52 адам сұралынды. Орташа жасы 21,5 ± 0,25 болды. Сауалнама Google Forms интернет-ресурстын пайдалана отырып жүргізілді. Білім алушыларға қашықтықтан TBL әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыруға және өткізуге қатысты 7 сұраққа анонимді түрде жауап беру ұсынылды. Жалпы, сауалнама көрсеткендей, көп жағдайда студенттерге TBL технологиясы бойынша сабақ қызықты, кейстермен практикалық дағдылар қиындық тарту ғызады, оларды шешу студенттердің өзін-өзі бағалауын арттыруға, оларды өздігінен білім алуға және топтық жұмысқа ынталандыруға мүмкіндік береді. Топтық оқыту технологиясы дәстүрлі әдістерге қарағанда бір қатар артықшылықтарға ие: жеке және топтық жауапкершілік, қарым-қатынас дағдыларын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және кәсіби құзыреттерді игеруге ықпал етеді, ақпаратты тиімді іздеуге мүмкіндік береді, сыни ойлауды дамытады. Осылайша, оқытудың бұл әдісі медициналық жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттерін, оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында оқыту үшін белсенді пайдаланылуы тиімді .
Көрген адамдардың саны: 565
Мақалалар санаты:
Медициналық білімберу
Библиографиялық сілтемелер
Петрова Ю.В., Горемыкина М.В., Аулейсова С.К., Нурушев Т.К., Мәдениетбекқызы М. Командаға - бағытталған оқыту түрін «Ревматология» дисциплинасында қашықтықтан оқыту жағдайында қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 1 (Т.23). Б. 65-68. Doi 10.34689/SH.2021.23.1.008Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА
ТИІМДІЛІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ НАҚТЫ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СТОМАТОЛОГИЯ, ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ: СЕМЕЙ МЕН ЖАПОНИЯДА (КОЧИ ЖӘНЕ ХИРОСИМА) ОДАН ӘРІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ОРНАТУҒА ҰМТЫЛУ